jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
ДМ
Динар Мұрат
Бұрынғы қызметкер

АҚШ-та құс тұмауынан алғашқы өлім тіркелді

Құс тұмауы
Құс тұмауы. Көрнекі сурет: pixabay.com

АҚШ-тың Луизиана штатында құс тұмауының ауыр түрін жұқтырған науқастың қайтыс болғаны туралы ақпарат расталды. Бұл туралы Луизиана денсаулық сақтау департаментіне сілтеме жасап CNN хабарлады.

Департаменттің мәліметінше, желтоқсан айында ауруханаға жатқызылған науқастың жасы 65-тен асқан, оның денсаулығында басқа да кінәрат болған. Дәрігерлердің айтуынша, тұрғындар үшін құс тұмауынан қауіп деңгейі әлі де төмен.

Зерттеулерге сәйкес, науқас H5N1 вирусын құс еті немесе жабайы құстармен байланыс кезінде жұқтырған болуы мүмкін. Алайда штатта адамнан адамға жұғу жағдайлары тіркелмеген.

Ғалымдар науқастың ағзасында табылған вирусты генетикалық талдау барысында оның құстардағы бастапқы вируспен салыстырғанда өзгерістерге ұшырағанын анықтады. Бұл инфекциядан кейін ағзада мутация болғанын көрсетеді.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДСҰ) мәліметінше, 2003 жылдан бері әлемде құс тұмауын жұқтырудың шамамен 900 жағдайы тіркеліп, олардың жартысынан көбі өліммен аяқталған.

АҚШ-та құс тұмауынан алғашқы өлім тіркелді

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.