Top.Mail.Ru

Зектілері

Қазақстанда персона нон грата тізіміне енгізілген тележүргізуші Тигран Кеосаян комаға түсті

Жарияланған күні:

Читать на русском
Тигран Кеосаян Қазақстан аумағына кіргізілмеуі мүмкін
Тигран Кеосаян. Фото: youtube.com/Кеосаян daily

Ресейлік режиссер әрі журналист Тигран Кеосаян клиникалық өлімнен кейін комаға түсті. Бұл туралы оның жұбайы Маргарита Симонян айтты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Симонянның хабарламасы Telegram-дағы арнасында жарияланды.

"Соңына дейін айтқым келмеді, бірақ журналистер хабарласа бастағандықтан мен оны өзім жазйын деп шештім. Күйеуім Тигран Кеосаян клиникалық өлімді бастан өткеріп, комаға түсті. Оның баяғыдан жүрегі қатты ауыратыны көпке мәлім болатын", - деп жазды журналист.

Ол Тигранның анасымен бірге тұрып жатқанын атап өтті.

"Екі жыл бұрын үлкен ұлынан айырылған әйелдің жағдайын айтып жеткізу мүмкін емес, қазір кіші баласына қайғырып отыр. Бар ниетімізбен Құдайдан сұрап, Тигранды жақсы көретіндерден дұға етуді сұраймыз, - деп түйіндеген ойын Симонян.

РБК мәліметіше, Кеосаян 1966 жылы 4 қаңтарда дүниеге келген, ол режиссер және сценарист Эдмонд Кеосаянның ұлы. Тигран Кеосаянның үлкен ағасы Дэвид – продюсер және сценарист болған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/2209679-qazaqstanda-persona-non-grata-tizimine-engizilgen-telezhurgizushi-tigran-keosaian-komaga-tusti/