Бразилияда ұшақ апатқа ұшырады (видео)
Жарияланған күні:
Читать на русскомБразилияның Убатуба қаласында ұшақ ұшу-қону жолағынан шығып кетіп, өртенді. Ұшқыш қаза тауып, алты адам жарақат алды, деп хабарлайды РИА Новостиге сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.
Басылымның жергілікті БАҚ-қа сілтеме жасап хабарлауынша, Бразилияның Сан-Паулу штатындағы жағажайда ұшу-қону жолағынан шығып кеткен шағын бизнес ұшағы өртеніп кеткен.
Жарияланған видеода ұшақ Убатуба әуежайында жоғары жылдамдықпен ұшып-қону жолағынан шығып кеткенін көруге болды. Өртенген ұшақ жағажай маңына дейін жеткен. Ұшақ бортында ұшқыш пен төрт жолаушы болған.
"Ұшқыш қаза тапты, ерлі-зайыпты мен екі бала ұшақтан шығарылып, ауруханаға жеткізілді1, - делінген хабарламада.
Кейін әуежайды басқару компаниясының өкілі жағажайда екі адамның жараланғанын хабарлады. Сондай-ақ ол апатқа ауа райының қолайсыздығы мен ұшу-қону жолағының тайғақтығы себеп болуы мүмкін екенін мәлім етті.
Cessna 525 CitationJet маркалы жеңіл бизнес-джет ұшағы Убатуба жағажайында апатқа ұшырағаны атап өтілді.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/2210141-braziliiada-ushaq-qonatyn-kezde-apatqa-ushyrady-video/