Top.Mail.Ru

Зектілері

Калифорниядағы ірі орман өрті: қаза тапқандар саны 10-ға жетті

Жарияланған күні:

Читать на русском
Калифорниядағы өрт
Калифорниядағы өрт. Фото: David Crane/MediaNews Group/Los Angeles Daily News via Getty Images

Калифорнияда өршіп тұрған орман өрті бақылауда екені хабарланды. Өрттен қаза болғандар саны артып, қазірдің өзінде олардың саны 10 адамға жетті, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Алдын ала мәлімет бойынша, Калифорниядағы орман өрті толығымен бақылауға алынды. Бүгін таңертең аудан мэрі Гэвин Ньюом X әлеуметтік желісінде эвакуация хабарламасы ескертуге дейін төмендетілгені туралы мәлімет жариялады. Үйіне қайтып келе жатқан тұрғындарға әлі де аса сақ болуға кеңес берілді.

Сондай-ақ табиғи апаттан қаза тапқандар саны артқаны белгілі болды. CNN-нің Лос-Анджелес округінің сот-медицина сараптамасы департаментінің мәліметіне сілтеме жасап хабарлауынша, дала өртінен қаза тапқандар саны 10 адамға жеткен.

Департамент өкілдері қазір құрбандардың жеке басын анықтау және жақын туыстарына хабарлау жұмыстар жүргізіліп жатыр.

X әлеуметтік желісінде қолданушылар мен жаңалықтар арналары болып жатқан оқиғалардың фотолары мен видеоларын жариялады. Фотоларда штаттың кейбір бөліктерінде өрт сөндірілгенін, ал басқа аумақтарда қызыл жлын әлі де жалғасып жатқаны көрсетіледі.

Лос-Анджелес округінің өрт сөндіру бөлімінің бастығы Энтони Марроненің айтуынша, Палисадтағы өрттен 8 қаңтардағы жағдай бойынша шамамен 1000 нысан зардап шекті. Өртпен күрес жалғасып жатқандықтан, әзірге жаңа ресми деректер берілген жоқ.

Еске салайық, Калифорнияда орман өрті 7 қаңтарда тұтанған болатын. Өрт кезінде 30 мың адам эвакуацияланған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/2210288-kaliforniiadagy-iri-orman-orti-qaza-tapqandar-sany-10-ga-zhetti/