jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Айтолқын Кенесхан
Айтолқын Кенесхан
Қазақ редакциясының шеф-редакторы

АҚШ-та ұшақ құлады: төрт адам қаза тапты

ұшақ
Ұшақ. Көрнекі фото: pixabay.com

АҚШ-тың Иллинойс штатында бір моторлы ұшақ апатқа ұшырап, салдарынан төрт адам қаза тапты, деп хабарлайды Kazinform.kz.

Құқық қорғау органдарының мәліметінше, оқиға сенбі күні штаттың орталық бөлігінде болған.

"Ұшақ ашық далаға құлап түсті, бортта болған төрт адамның бәрі оқиға орнында қаза тапты", — деп мәлімдеді Колс округінің тергеушісі Эд Шниерс.

АҚШ-тың Көлік қауіпсіздігі жөніндегі ұлттық кеңесінің (NTSB) алдын ала деректері бойынша, әуе кемесі құлап бара жатып электр желілеріне соқтығысқан. Қазіргі уақытта апаттың себептері бойынша тергеу жүргізіліп жатыр.

АҚШ-та ұшақ құлады: төрт адам қаза тапты

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.