jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Айтолқын Адырбай
Айтолқын Адырбай
Қазақ редакциясының шеф-редакторы

Иран портындағы жарылыс: зардап шеккендер саны 750-ге жетіп, 8 адам көз жұмды

Жарылыс
Жарылыс. Көрнекі сурет: pixabay.com

Иранның оңтүстігіндегі Шахид-Раджаи портында болған жарылыстан зардап шеккендер саны 750-ге жетті, 8 адам мерт болған. Қазір оқиға орнында өрт сөндіру жұмыстары жүріп жатыр, деп хабарлайды kazinform.kz.

Бұл туралы ислам мемлекетінің ішкі істер министрі Эскандар Момени мәлім етті, деп жазады ресейлік ТАСС.

"Қазір басты мақсат - зардап шеккендерді құтқарып, өртті сөндіру. Осы кезде 750 адам жарақат алып, 8 адам қаза болды", - деді ол IRIB телеарнасының эфирінде.

Оқиға орнында құтқарушылар мен құқық қорғау органдарының өкілдері жұмыс істеп жатыр.

"Алдағы бірнеше сағатта жағдай толықтай бақылауда болады деген үміттеміз",-деді ол.

Қуатты жарылыс сенбі күні таңда Парсы шығанағы жағалауында, Иранның Бендер-Аббас қаласы маңында болды. Оқиға орнына елдің Ішкі істер министрі Эскандар Момени келді. Жарылыстың ресми себебі әзірге белгісіз.

Осыған дейін Иран портындағы жарылыстан зардап шеккендер саны 500-ден асқаны белгілі болған.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Иран президентіне көңіл айту жеделхатын жолдады.

Иран портындағы жарылыс: зардап шеккендер саны 750-ге жетіп, 8 адам көз жұмды

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.