Зектілері

Соңғы он жылда болмаған: Қытайда алманың үлкендігімен бірдей бұршақ жауды

Жарияланған күні:

Бұршақтан кейінгі зақым
Бұршақтан кейін зақымданған әйнек. Скриншот: 24.kz

Қытайда алманың үлкендігіндей бұршақ жауды. Жүздеген үй, көлік пен егінге орасан зақым келген, деп хабарлайды 24.kz.

Сычуань провинциясындағы Цинчуань уездінде төпелеп жауған жауынның арты бұршаққа айналып он минут бойы тоқтаусыз жауған.

Жергілікті жерде төтенше жағдайдың қызғылт сары деңгейі жарияланды. Жұдырықтай түйіршік мұздар үйлердің шатырын шұрық тесік етіп, жүздеген көліктің терезесі сынған.

Ең бастысы адамдар аман. Бірақ жарақат алғандар бар. Жұрт қыруар шығынға батты. Әсіресе ауыл шаруашылығына орасан зияны тиген. Қазір шығын көлемі есептеліп жатыр. Метеорологиялық қызмет мұндай жағдай соңғы он жылда болмағанын мәлімдеді.

Еске салсақ, бұған дейін Алматының бірқатар ауданында ірі бұршақ жауған еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/2242638-songgy-on-zhylda-bolmagan-qytaida-almanyng-ulkendigimen-birdei-burshaq-zhaudy/