jitsu gif

Испанияда Украинаның экс-президентінің бұрынғы кеңесшісіне қастандық жасалды

Андрей Портнов
Андрей Портнов. Фото: instagram.com/andriyportnov

Мадридте қастандықтың салдарынан Украинаның экс-президенті Виктор Януковичтің бұрынғы кеңесшісі Андрей Портнов қаза болды.

Sky News телеарнасының мәліметінше, бұрынғы саясаткерді Мадридте атып кеткен. Портновқа балаларын мектеп апарып тастаған уақытта қастандық жасалған.

"Сәрсенбі күні таңертең Мадридтегі Посуэло ауданында орналасқан америкалық мектептің қақпасының маңында белгісіз қарулы адам (немесе қарулы адамдар) бұрынғы саясаткер Андрей Портновты атып кетті", - деп мәлімдеген тергеуден хабары бар адам телеарнаға.

The Independent басылымының жазуынша, полицияға Посуэло ауданында атыс болғаны туралы хабарлама жергілікті уақыт бойынша таңғы сағат 9:15-те келіп түскен.

Басылымның мәліметінше, ер адамға бірнеше рет оқ атылған. Сондай-ақ басылым Украинада режим ауысқаннан кейін Портнов Еуропалық одақ пен Канаданы қоса алғанда, батыстың бірнеше санкциялық тізіміне іліккенін жазған.

РБК-Украинаның жазуынша, Андрей Портнов 2013 жылғы 16 қаңтарда президент Виктор Януковичтің кеңесшісі болып тағайындалған, ал бір жылдан кейін Украина президенті әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары болған.

2014 жылғы 26 ақпанда Портнов президенттің міндетін атқарушы Александр Турчиновтың жарлығымен қызметінен босатылған. Сол айдың соңында саясаткер Украинадан кетіп, Ресейге қоныстанған. Кейін Венаға көшкен.

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.