jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
18+
Айтолқын Кенесхан
Айтолқын Кенесхан
Қазақ редакциясының шеф-редакторы

"15 үй өртке оранды": Сан-Диегода бизнес-класс санатындағы ұшақ тұрғын үйлерге құлады

Ұшақ
Ұшақ. Фото: pixabay.com

АҚШ-тың Федералды авиация басқармасы Сан-Диегода құлаған ұшақтың Cessna 550 үлгісіне жататынын хабарлады. Бұл туралы BBC-ге сілтеме жасаған kazinform.kz.

Қазіргі уақытта зардап шеккендер туралы нақты мәлімет жоқ, бортта кімдердің болғаны да белгісіз. Бұл үлгідегі ұшақ 6-8 адамды тасымалдай алады және көбінесе екі ұшқышпен және бірнеше жолаушымен бизнес-джет ретінде пайдаланылады.

Ұшақ құлаған сәтте, жергілікті уақыт бойынша таңертең, ауа райы тұманды болған. Оқиға Сан-Диего қаласындағы Мерфи-Кэнион ауданында орын алған. Алдын ала мәліметтер бойынша, жерде 15 үй отқа оранған.

Билік бірнеше кварталдың тұрғындарын шұғыл эвакуациялады. Жергілікті өрт сөндіру қызметі басшысының орынбасары баспасөз мәслихатында:

"Ол жерде бәрі реактивті отынмен ластанған", - деп мәлімдеді.

Оның айтуынша, бірнеше тұрғын үйге ұшақ соқтығысып, тікелей зақым келген.

Сан-Диего полициясы азаматтарға бұл аймаққа бармауға кеңес берді.

"15 үй өртке оранды": Сан-Диегода бизнес-класс санатындағы ұшақ тұрғын үйлерге құлады

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.