Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Нигерияда нәресте қолына Құран ұстап туды

Опубликовано:

Нигерияның батыс оңтүстік аумағы Лагос облысының тұрғыны 32 жасар Киклемо Илори жуырда босанған еді. Сәби ана құрсағынан туылғанда алақанында Құран кәрім кітабын ұстап туған, деп жазады muftyat.kz сайты Намыс.кз-ке сілтеме жасай отырып.

Елдімекендегі әйелдер дәрігері Тавак: “Біз өте таң қалдық. Бала қалайша Құран кітабын ұстап туғанынан анасы да бейхабар. Біздің пайымдауымызша, Киклемо Илори жүкті болудан бұрын Құран кітабын байқаусыз жұтып қоюы әбден мүмкін. Бірақ тамағында қалды десек ана құрсағына Құран кітабы баруы мүмкін емес. Сондықтан бізді таң қалдырып отыр” дейді.

“Баламды 10 ай көтердім, сол уақытта қолында сыртқы затты алақанында ұстағаны маған еш білінген емес”,- дейді Киклемо Илори. Ата-анасы баласына Устадз Абдуль Рахман деген ат қойыпты.

Нигерияның Ислам Діндер Одағының имамы Романи Тижани Алифаткурееб, комиссия басшысы Нарсрулифати Алхажи Абдуллахи Акибодидар балаға құрметпен қарауға үндеп, сәбидің анасының атын өзгертіп "Шерифат" болдырған екен.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/225289-nigeriyada-nereste-kolyna-kyran-ystap-tudy/

pixel