jitsu gif branding logo appbranding logo app

Үндістанның солтүстігінде тікұшақ апатқа ұшырады: барлық жолаушы қаза тапты

Тікұшақ
Тікұшақ. Көрнекі фото: pixabay.com

Үндістанның солтүстігіндегі Гималай аймағында тікұшақ апатқа ұшырады, деп хабарлайды ТАСС-қа сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

ANI агенттігінің мәліметінше, тікұшақ бортында пилотты қосқанда жеті адам болған. NDTV телеарнасы барлық жолаушылардың қаза тапқанын хабарлады. Алайда әзірге ресми түрде қаза тапқандар саны жарияланған жоқ.

Тікұшақ Уттаракханд штатының таулы өңіріндегі Кедарнатх ауылынан кері бағытта қайтып келе жатқан.

Алдын ала болжам бойынша, апатқа қолайсыз ауа райы себеп болуы мүмкін.

Айта кетейік, бұған дейін Үндістанда Лондонға бағыт алған Air India әуекомпаниясының Boeing 787-8 Dreamliner ұшағы апатқа ұшырағанын хабарлаған едік.

Әуекомпания мәліметінше, жолаушылардың – 169-ы Үндістан, 53-і Ұлыбритания, жетеуі Португалия және біреуі Канада азаматы.

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.