jitsu gif branding logo appbranding logo app

"Денем тітіркеніп кетті": 1998 және 2025 жылдардағы ұшақ апатынан аман қалған жолаушылар бір орында отырған

Руангсак Лойчусак
Руангсак Лойчусак. Фото: instagram.com/jamesruangsak.co.th

Танымал тай актері әрі әншісі Джеймс Руангсак Лойчусак Үндістандағы ұшақ апатынан аман қалған жалғыз жолаушының оқиғасын естіп, қатты таңғалған. Себебі ол да осыдан 27 жыл бұрын апат болған ұшақта 11А деген орында отырған, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Ғажайып сәйкестік туралы әнші Facebook әлеуметтік желісіндегі парақшасында жазды.

"Үндістандағы ұшақ апатынан аман қалған адам да, мен отырған 11 А орнында отырған екен. Денем тітіркеніп кетті", - дейді ол.

Айта кетейік, Руангсак Лойчусак 1998 жылғы 11 желтоқсанда Таиландта болған ұшақ апатынан аман қалған.

Ол мінген Thai Airways International әуекомпаниясының Airbus A310-204 ұшағы Бангкоктан Сураттханиға бағыт алған еді. Алайда әуе кемесі Сураттхани әужейына қона алмай, қала маңында апатқа ұшырап, салдарынан 101 адам қаза тапқан.

Бұл әуе апаты Таиланд азаматтық авиция тарихындағы екінші ірі апат саналады.

Ал осы ұшақ апатынан аман қалған Руангсак Лойчусакты БАҚ өкілдері "Темір сүйектен жаралған әнші", "Темір сүйікті Джеймс" деп атап кеткен.

Айта кетейік, биыл 12 маусымда Лондонға бағыт алған Air India әуекомпаниясының ұшағы Үндістанның Ахмедабад қаласы әуежайының маңында апатқа ұшырады.

Салдарынан бортта болған 242 адамның біреуі ғана аман қалды. Тірі қалған жолаушы 40 жастағы Ұлыбритания азаматы Рамеш Вишвакумар. Ол да 11А орнында отырған.

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.