jitsu gif branding logo appbranding logo app

Иран мен Израиль қақтығысы: Иранда интернет қызметі тоқтады

Иран туы
Иран туы. Фото: Maksim Konstantinov/SOPA Images/LightRocket via Getty Images

Халықаралық интернет мониторингі қызметі Иранда интернет дерлік толық өшірілгенін хабарлады. Қызметтің нақты уақыттағы желі жұмысы туралы мәліметтері бойынша, қазіргі таңда Иранда ел көлемінде интернеттің дерлік толық өшірілуі байқалады, деп жазады kazinform.kz.

Бұл жағдай алдыңғы жартылай үзілістердің сериясынан кейін орын алып, бірнеше күндік өзара зымырандық соққылардан кейін Израильмен әскери шиеленістің өршуі тұсында болды.

Бұған дейін хабарланғандай, Иранның жетекші мемлекеттік банктерінің біріне ауқымды кибершабуыл жасалды. Соның салдарынан клиенттерге қызмет көрсету жұмысы ақсап, банк жүйесіне кіру мүмкін болмай қалды.

Сондай-ақ G7 елдерінің көшбасшылары дүйсенбі күні бірлескен мәлімдеме жасап, онда Иранның ядролық қаруы болмауы керек деп мәлімдеп, Израильдің өзін-өзі қорғау құқығын растады.

Өз кезегінде Аятолла Хаменеи Иранның таңылған соғысқа да, таңылған бейбітшілікке де көнбейтінін айтты.

Бүгін Ресей Израиль мен Иранға арағайындық жасауға дайын екені белгілі болды.

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.