jitsu gif branding logo appbranding logo app

Владимир Путин Иран мен Израиль арасындағы жанжалды шешудің жолы туралы пікір білдірді

Владимир Путин
Владимир Путин. Фото: Contributor/Getty Images

Ресей президенті Владимир Путин дүниежүзінің жетекші ақпарат агенттіктері басшыларымен кездесу барысында Иран мен Израиль арасындағы жанжалға қатысты пікірін білдірді, деп хабарлайды Kazinform тілшісі.

Путин Иран мен Израиль арасындағы жанжалды барлық тараптың мүддесін ескере отырып келіссөз арқылы шешкен жөн болар еді деген деген пікірде.

Оның айтуынша, келісім Иранның бейбіт атомын – тек энергетиканы ғана емес, толық құқылы болуын және Израильдің сөзсіз қауіпсіздігін қамтамасыз ету құқығын қамтуы керек.

"Жалпы алғанда, шешім табуға болады. Біз ешкімге ештеңе тықпаламаймыз, тек жағдайдан шығуға қатысты өз көзқарасымызды ұсынамыз. Бірақ түпкілікті шешімді Иран мен Израильдің саяси басшылығы қабылдайды", - деді Владимир Путин.

Бұған дейін Ресей Израиль мен Иранға арағайындық жасауға дайын екенін мәлімдеген.

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.