jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Айтолқын Адырбай
Айтолқын Адырбай
Қазақ редакциясының шеф-редакторы

Израиль шабуылы кезінде Иран президенті зардап шекті

Иран тұрғыны өз елінің туын ұстап тұр
Иран тұрғыны өз елінің туын ұстап тұр. Фото: Morteza Nikoubazl/NurPhoto via Getty Images

Ирандық ақпарат құралдарының хабарлауынша, ел президенті Масуд Пезешкиан Израильдің әуе шабуылы салдарынан қаза таба жаздады. Бұл туралы BILD-қа сілтеме жасаған kazinform.kz хабарлайды.

Fars агенттігінің мәліметінше, соғыс басталғаннан үш күн өткен соң, 16 маусым күні Израиль әскери-әуе күштері Иранның Ұлттық қауіпсіздік жөніндегі Жоғарғы кеңесімен байланысты нысанға әуе соққысын жасаған.

Бомбалаудан кейін ғимараттағы электр жарығы өшіп, сол сәтте жиналыс өткізіп жатқан адамдар, оның ішінде Президент Пезешкиан да шұғыл түрде эвакуацияланған. Бірнеше адам, соның ішінде Иран президенті де аяқтан жарақат алған.

Пезешкианның өзі бұл оқиғаны ирандық арнайы қызметтерден ақпараттың сыртқа шығуымен байланыстыруы мүмкін екенін айтқан. Fars агенттігі шабуылға қатысты Иран ішінде "жіберілген агент" нұсқасы да талқыланып жатқанын хабарлады.

Ирандық БАҚ-та шабуылдан кейінгі көрініс бейнеленген видео жарияланды. Кадрларда Тегеранның батыс бөлігіндегі тау баурайына жасалған соққылар көрсетілген — дәл сол жерде шабуылға ұшыраған кешен орналасқан. Израиль тарапы бұл оқиғаға қатысты әзірге ресми мәлімдеме жасаған жоқ.

Израиль шабуылы кезінде Иран президенті зардап шекті

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.