jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Жұлдыз Кенжегалиева
Жұлдыз Кенжегалиева
Қазақ редакциясының басшысы

Трамп: Мен демалыстан шыққанша, Путин соғысты тоқтатсын

Дональд Трамп
Дональд Трамп. Фото: Chip Somodevilla/Getty Images

Трамп Путинге 10 күн берді. АҚШ президенті Путин осы мерзімде соғысты тоқтатпаса, екі еселенген санкция салып, тарифті адам сенгісіз мөлшерге көтеремін дейді. Шотландияда демалыста жүрсе де, Трамп келіссөздер жүргізуін қояр емес. Ол тағы бір сөзінде "мен жұмысқа кіріскенше, соғыс тоқтауы керек" деген талап қойды, деп хабарлайды "Астана" арнасы.

"Мен екінші рет Ақ үйді басқарғанда бірден қақтығысып жатқан елдерді татуластырдым. Жұмысымды осыдан бастадым. Путинмен қашан да жақсы араласатынмын. Бірақ екеуміз телефон тұтқасын қоя сала, жаңа шабуыл басталады. Мен бұдан артық оған мүмкіндік бере алмаймын. Ресей осы соғысқа миллиардтаған доллар шығындап, адам өлтіргенше, баяғыда-ақ, байып кететін жөні бар еді. Бірақ Путин басқа жол таңдаған сыңайлы", - дейді АҚШ президенті Дональд Трамп.

Трамп Газа секторындағы аштыққа да көңіл бөле бастады. Мәселен, енді туған нәрестелердің және 1 жасқа да толмаған сәбилердің өлімі үшін кенеттен Израиль басшысын кінәлады. Оған қоса гуманитарлық көмек көлемін едәуір арттырамын деп уәде берді.

"АҚШ экономикасына триллион доллардан аса инвестиция түсті. Соның ішінен бірнеше миллиард долларды Газа секторына жұмсаймын. Ал осы уақытқа дейінгі гуманитарлық көмектің халыққа таратылмауына Биньямин Нетаньяху жауапты. Ақыры ел басқарып отыр екен, тамақты тарату секілді қарапайым шаруаны атқара алмаса, несіне билікте отыр? Біз өзіміз де, аймақта көмек тарату пункттерін ашамыз", - дейді Трамп.

Ал Трамппен кездескен Ұлыбритания премьер-министрі Кир Стармер "Израиль соққы жасауды доғармаса, біз де Палестинаны тәуелсіз ел ретінде танимыз" деп ескертті.

"Егер Газа секторындағы сұмдықты Израиль тоқтатпаса, біз БҰҰ Бас Ассамблеясында Палестинаның тәуелсіздігін мойындаймыз. Израиль жай ғана бейбітшілік орнатып қана емес, өзінің бүкіл былықтарын түзеп, өңірдің қайта дамуына жауапкершілік алуғы тиіс. Түптің-түбінде, Палестина тәуелсіз ел ретінде қалыптасуға тиіс. Біз бұл идеядан бас тартпаймыз", - деді ол.

Трамп: Мен демалыстан шыққанша, Путин соғысты тоқтатсын

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.