Жойқын су тасқыны Үндістандағы бүтін бір ауылды шайып кетті (видео)
Опубликовано:
Үндістандағы Уттаракханд штатында жойқын су тасқыны болып, Дхаради ауылындағы үйлерді шайып кетті. Салдарынан 4 адам көз жұмып, тағы 50 тұрғын жоғалған, деп хабарлайды NDTV басылымына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.
Телеарнаның хабарлауынша, бүгін, 5 тамызда Үндістанда қатты жаңбыр жауып, артынша топырақ көшіп, су тасқыны болған. Әлеуметтік желілерде оқиға орнынан видеолар таралып, кадрлардан жойқын су тасқыны Дхаради ауылындағы үйлерді шайып кеткенін көруге болады.
Алдын ала дерек бойынша тілсіз жау 4 адамның өмірін жалмаған. Тағы 50 адам жоғалып кеткен. Штат полициясы тұрғындарға өзендерден аулақ жүріп, қауіпсіз жерде бой тасалауға кеңес берген.
"Бұл жайтқа байланысты тұрғындар өзеннен алыстау жерде бой тасаламауға тиіс. Өздеріңіз, бала-шағаңыз және жануарларды өзенге жолатпауға тырысыңыз", - делінген полиция хабарламасында.
Бас министр Уттаракханда Пушкар Сингх Дхами құтқару бригадалары құтқару операцияларына қатысып жатқанын хабарлады.
Бұл маусым штат тұрғындары үшін қолайсыз болып жатқанын, нөсер жауын толастамай тұрғаны да мәлім етілді.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/world/2272380-zhoiqyn-su-tasqyny-undistandagy-butin-bir-auyldy-shaiyp-ketti-video/