jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
18+
Эльмира Асқарқызы
Эльмира Асқарқызы
Аға журналист

АҚШ-та медицина қызметкерлері мінген ұшақ апатқа ұшырады: төрт адам қаза тапты

ұшақ құлаған жер
Ұшақ құлаған жер. Фото: facebook.com/NavajoPoliceDepartment

Сейсенбі, 5 тамызда АҚШ-тың оңтүстік-батысындағы Аризона штатында санавиация ұшағы апатқа ұшырап, борттағы төрт адам да қаза тапты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ CNN-ге сілтеме жасап.

Телеарнаның жергілікті полиция ақпаратына сілтеме жасап хабарлауынша, апат Аризона штатындағы Навахо тайпасының жерінде болған.

"Шағын ұшақ жақын маңдағы ауруханадан науқасты алып кетуге бара жатқан", - деді полиция өкілдері.

Құқық қорғау органдарының мәліметінше, төтенше жағдай сағат 12:40 шамасында болған.

"Осынау қиын шақта марқұмдардың отбасы мен жақындарына көңіл айтамыз" - деді полициядағылар.

Көліктегі қауіпсіздік ұлттық кеңесінің мәліметі бойынша, ұшақтың үлгісі – Beechcraft 300. Оқиғаның себебін анықтау үшін сарапшылар апат орнына аттанған.

АҚШ-та медицина қызметкерлері мінген ұшақ апатқа ұшырады: төрт адам қаза тапты

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.