jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Жұлдыз Кенжегалиева
Жұлдыз Кенжегалиева
Қазақ редакциясының басшысы

Трамп келесі аптада Путинмен кездеспек

Дональд Трамп
Дональд Трамп. Фото: Joe Raedle / Getty Images

Трамп ақыры Путинмен кездеспек. АҚШ президентінің айтуынша, ресейлік әріптесі көпшілік талаптарға ақыры мойынсұнды. Бұл туралы Трамп, өзінің ресми өкілі Стив Уиткоффты Путин қабылдап болғаннан кейін мәлімдеді, деп хабарлайды "Астана" арнасы.

Сонымен қатар Зеленскийді қосқанда үшжақты кездесу болады. Өз кезегінде Украина президенті әркез дайын екенін мәлімдеді.

"Менің өкілім Стив Уиткофф Путинмен жақсы келіссөздер жүргізді. Онымен келесі аптада кездесемін. Бірақ біз бір талабымыз барын ескерттік. Ол – үшжақты саммит. Бірақ дәл қазір адам өлімін, осы сұрапыл соғысты тоқтататындай келіссөз деңгейіне әлі жеткен жоқпыз. Жақын арада жете алатынымызға да сене қоймаймын", - деді АҚШ президенті Дональд Трамп.

2028 жылғы жазғы Олимпиада ойындарының ұйымдастырылуын да Трамп өз мойнына алды. Төртжылдықтың басты спорттық додасындағы қауіпсіздік пен өзге шараларды қамтитын жарлыққа АҚШ президенті қол қойды. Трамп 2029 жылға дейін тақта отыратынын ескерсек, басынан аяғына дейін өзі атсалысады.

Трамп келесі аптада Путинмен кездеспек

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.