jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Малика Хадид
Малика Хадид
Редактор

Тоқаев Пәкістан премьер-министріне көңіл айту жеделхатын жолдады

Пәкістандағы су тасқыны
Пәкістандағы су тасқыны. Фото: MEHBOOB UL HAQ/AFP via Getty Images

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Пәкістан премьер-министрі Шахбаз Шарифке көңіл айту жеделхатын жолдады. Бұл туралы Ақордаға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Тоқаев Пәкістанда су тасқыны мен нөсер жауынның салдарынан көптеген адамның қаза тауып, зардап шегуіне байланысты көңіл айтты.

"Қаза болған адамдардың отбасыларына көңіл айтып, қайғысына ортақтасамын. Зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуіне тілектеспін", – деп жазылған жеделхатта.

DW басылымының хабарлауынша, Үндістан мен Пәкістанда нөсер жауынның салдарынан тасқын жүріп, лай көшті. Соңғы деректерге сәйкес, табиғи апаттан Пәкістанда кемі 300 адам қаза тауып, тағы жүздеген адам із-түзсіз жоғалды.

16 тамызда орын алған жағдайға байланысты Пәкістанда қаралы күн жарияланды.

Тоқаев Пәкістан премьер-министріне көңіл айту жеделхатын жолдады

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.