jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
18+
Малика Хадид
Малика Хадид
Редактор

Газада Израиль соққысынан кейін 5 журналист қаза тапты

Газадағы жарылыс
Газадағы жарылыс. Фото:: Anadolu/Getty Images

Израильдің Газа секторындағы Насер ауруханасының маңына жасаған әуе соққысы салдарынан 20 адам қаза тапты. Олардың арасында халықаралық БАҚ-та қызмет еткен 5 журналист бар, деп BBC-ге сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Агенттіктің мәліметінше, қаза болғандардың қатарында Reuters агенттігінің операторы Хусам әл-Масри, Associated Press-тің журналисі Марьям Дагга, сондай-ақ Al Jazeera-да жұмыс істеген Мухаммед Саламе, фотограф Муатх Абу Таха және Ахмад Абу Азиз бар.

Al Jazeera, Reuters және Associated Press агенттіктері қызметкерлерінің өліміне байланысты қаралы күйде екенін білдірді.

Израиль әскері (ЦАХАЛ) Насер ауруханасының маңына соққы жасағанын растады.

"ЦАХАЛ журналистерді нысанаға алмайды және бейбіт тұрғындарға келетін залалды барынша азайтуға тырысады. Әскерилердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін осындай шаралар қабылданды", – деп мәлімдеме жасады Израиль өкілдері.

Газада Израиль соққысынан кейін 5 журналист қаза тапты

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.