ХАМАС бейбіт келісімге қол қою шарасына қатысудан бас тартты
Опубликовано:
Палестиналық ХАМАС қазғалысының өкілдері Израильмен бейбітшілік келісімшартына қол қою шарасына қатыспайтынын айтты. Бұл туралы DW басылымына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.
"ХАМАС бейбіт келісімге қол қою шарасына қатыспайды. Рәсімге ара бітістірушілер мен америкалық және израильдік тұлғалар қатысады", - деді ХАМАС-тың ресми өкілдері.
АҚШ пен Мысырдан басқа екі елді татуластыруға Катар да қатысқаны белгілі болды. Израиль мен ХАМАС тікелей келіссөздер жүргізген жоқ.
Басылымның хабарлауынша, ертең, 13 қазанда мысырлық Шарм-эш-Шейхте халықаралық бейбітшілік саммиті өтеді. Кездесуде Газадағы соғысты тоқтату туралы келісімге қол қойылады.
Мысырлық СІМ-нің хабарлауынша, саммитте АҚШ пен Мысыр президенттері Дональд Трамп пен Абдель Фаттах ас-Сиси төрағалық етеді. Жалпы кездесуге 20 әлемдік басшы қатысады.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/world/2296353-hamas-beibit-kelisimge-qol-qoiu-sharasyna-qatysudan-bas-tartty/