jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
18+
Малика Хадид
Малика Хадид
Редактор

"11 адам қаза тапты": Кенияда туристер бар ұшақ апатқа ұшырады (фото, видео)

Ұшақ апаты
Ұшақ апаты. Фото: x.com/kumv_tv

Кенияда бортында шетелдік туристер болған шағын ұшақ апатқа ұшырады. Әуе кемесі ұшқан соң, бірнеше минуттан кейін жерге құлады, деп Euronews басылымына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Басылымның хабарлауынша, оқыс оқиға 28 қазанда таңғы 5:30-да орын алған. Mombasa Air Safari әуе компаниясының жеңіл моторлы ұшағы Масаи-Мара ұлттық қорығына бара жатқанда апатты жағдайға ұшырады. Әуе кемесі Кенияның оңтүстік-шығысындағы Диани ұшып-қону жолағынан 40 шақырым жерде құлады.

Әуе компаниясының мәлімдеуінше, ұшқыш Дианиден ұшар кезде байланысқа шықпаған. Оған қоса, әуежайдың диспетчерлік қызметі 30 минут бойы оған хабарласуға тырысқан.

Компанияның ақпаратынша, ұшақ апаты салдарынан 11 адам қаза тапты. Оның 8-і венгриялық жолаушы, екеуі неміс және кениялық ұшқыш.

Тергеу органдары апатты жағдайдың себебін анықтап жатыр. Сонымен қатар қайғылы жағдай болған кезде Кения жағалауында нөсер жауын жауып тұрғаны хабарланды.

Куәгерлердің айтуынша, ұшақ құлаған жерден адамдардың қалдықтары табылған.

"11 адам қаза тапты": Кенияда туристер бар ұшақ апатқа ұшырады (фото, видео)

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.