jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Малика Хадид
Малика Хадид
Бұрынғы қызметкер

Зеленский кеңсесінің басшысы ірі жемқорлық жанжалынан кейін отставкаға кетті

Андрей Ермак
Андрей Ермак. Фото: Yevhen Kotenko/ Ukrinform/Future Publishing via Getty Images

Украина президентінің жетекшісі Андрей Ермак отсавкаға кетті. Бұл туралы Владимир Зеленскийдің өзі видео үндеу кезінде айтты, деп "Страна.ua"-ға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Басылымның хабарлауынша, Ермак жемқорлыққа қарсы ұлттық бюро қызметкерлерінің тінту жұмыстарынан кейін отставкаға кетті.

Зеленский өз үндеуінде президент кеңсесінде қайта қалыпқа келтіру әрекеттері болатынын хабарлады. Оның сөзінше, ертең Ермактың орнына келетін болжалды кандидаттармен келіссөздер басталады.

УНИАН ақпаратынша, Украина басшысы Ермакқа Украина пікірін әркез дұрыс жеткізе білгені үшін алғысын білдірді.

"Украинада ешкімнің сұрақтары болмағанын қалаймын. Сол себепті кезекті ішкі шешімдер орын алды. Бұл әрқашан патриоттық ұстаным болды. Бірақ мен түрлі қауесеттер болғанын қаламаймын. Кеңсенің жаңа басшысына қатысты айтатын болсам, ертең бұл орынға келуі мүмкін адамдармен кеңес өткіземін", - деді Зеленский.

Оған қоса президент Украинаның қауіпсіздік қызметіне өңірлердегі құқыққорғау органдарының жқмысын тексеруді тапсырды.

"Өңірлерде негативті жағдайлар көп. Шешімдер қабыланатын болады", - деді Зеленский.

Зеленский кеңсесінің басшысы ірі жемқорлық жанжалынан кейін отставкаға кетті

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.