jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Айтолқын Адырбай
Айтолқын Адырбай
Қазақ редакциясының шеф-редакторы

"5 тоннадай қар кеткен": БҚО тұрғыны қардан Ақорданың макетін жасап шықты

Ақорда мүсіншесі
Ақорда мүсіншесі. Кадр видеодан: astana.tv

Батыс Қазақстан облысының тұрғыны Нәдір Қуанаев Ақорданы ақ ұлпадан жасап шықты. Бір апта бойы тыным таппаған еңбекқор жігіт бұл туындысына бес тоннадай қар жұмсапты, деп хабарлайды Астана телеарнасы.

Жас шебер Ақорданы көзбен көрмесе де, түпнұсқаға барынша ұқсатуға тырысқанын айтады. Сондықтан жұмыстан келе сала іске кірісіп, әр бөлшегін айнытпай құюға бар өнерін салған. Ғимараттың маңдайшасына Елтаңба мен көк байрақты орнатып, айналасына жарық жүргізген. Қардан жасалған бас орданың ұзындығы 5 метр, ені 3 метр. Айтуынша, мұндай мүсін аяз күшейгенде жақсы шығады. Бұл - Нәдірдің төртінші туындысы. 

"Інілеріме айттым мына жерге қарды үйіңдер дедім. Осы жерге мүсінді саламыз дедім. Бірақ айтқан жоқпын не салатынымды. Осы жерге үйіңдер дедім. Үйіп бастады соны. Сосын ары қарай өзім жалғастырып кеттім, қар жинап, үйіп. Қиындықтар шұқыма жұмыстарда көп болды. Мына терезелерінің әрқайсысын шұқу қиындатты", - дейді Нәдір Қуанаев.

"5 тоннадай қар кеткен": БҚО тұрғыны қардан Ақорданың макетін жасап шықты

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.