Калашников артынан қару құрастырғаны үшін өкініш хат қалдырған
Опубликовано:
АК-47 автоматын құрастырушы Михаил Калашников қайтыс болар алдында жарты жыл бұрын патриарх Кириллге өкініш хатын жазып кеткен.
Бұл туралы "Известия" басылымы хабарлады.
Хатта конструктор өзі жасап шығарған автоматтан ажал құшқан адамдардың қанын арқалау оған ауыр жүк болып жүргенін, соған қатысты жан күйзелісімен, күдіктерімен бөліскен.
Патриарх Кириллдің баспасөз хатшысы Александр Волковтың сөзіне қарағанда, Калашниковтың хатын патриарх оқып шыққаннан кейін, ол танымал конструкторға жауап жазып, оның ұстанымы үшін алғысын білдірген.
Калашников автоматы 1947 жылы құрастырылған болатын. Шамамен әлемде 100 миллионға жуық АК қаруы немесе оның көшірмесі бар көрінеді.
Бүгінде АК 100-ден астам елдің қарулы күштерінде пайдаланылуда, сондай-ақ ол ХХ ғасырдың үздік өнер табысы тізіміне енді. Михаил Калашников 2013 жылдың 23 желтоқсанында өмірден озды.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/297877-kalashnikov-artynan-karu-kyrastyrgany-yshin-okinish-hat-kaldyrgan/