Цунамидің бірінші толқыны Чили жағалауына келді
Опубликовано:
Күшті жер сілкінісінен кейін орын алған Цунамидің бірінші толқыны Чили жағалауына келді, деп хабарлады РИА Новости латынамерикалық БАҚ-тарға сілтеме жасап.
Елдің солтүстік жағалауы учаскелеріндегі толқындардың биіктігі екі метрден асады. Цунамиді алдын алу Тынықмұхит орталығының ақпараты бойынша толқын жағалауда күрделі қирауларға әкелуі мүмкін.
Оңтүстік Американың жағалауындағы цунами Чили мен Перуге қауіп төндіріп отыр деп хабарланған. Чили мен Перу билігі елдердің жағалауға жақын аудандарының бірқатарынан халықты көшіру керектігін жариялады.
Жер сілкінісі салдарынан қаза болғандар мен қирандылар жайлы хабар жоқ. 2010 жылы ақпан айының соңында Чилиде тербелісі 8,8 жер сілкінісі салдарынан болған цунамиден 500-ден астам адам мерт болды.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/308292-czunamidin-birinshi-tolkyny-chili-zhagalauyna-keldi/