Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Мыңдаған мейрамхана "Coca-Cola"-ға байкот жариялады

Опубликовано:

Газа секторындағы Изралдің агрессиясына қарсы Үндістанның мыңдаған кафесі мен мейрамханасы америкалық газдалған сусын өндіретін фирмалардың өнімін сатып алудан бас тартты, деп хабарлайды muslim.kz сайты.

АҚШ Израилдің бассыздығына қолдау білдіргені үшін, Үндістанның кафелері мен мейрамханалары америкалық фирмаларға осылайша наразылық танытуда.

Мәселен, Мумбай қаласындағы қоғамдық тамақтандыру орындары Pepsi және Coca-Cola өнімдерінен бас тартып отыр.

"Біз Үндістанда болғандықтан Газа секторы үшін қолдан келетін шара осы", - деді Shalimar мейрамханасының қожайыны OnIslam.net ақпарат көзіне берген сұхбатында.

"Біз Махатма Ганди өсиет етіп кеткен принцип бойынша зорлық-зомбылықтан бас тартамыз", - деді Persian Darbar мейрамханасының қожайыны Жәуіт Котвал.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/324889-myndagan-mejramhana-coca-cola-ga-bajkot-zhariyalady/

pixel