Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тыржалаңаш күйінде көрме аралаған суретші әйелге көпшілік таңдай қақты (видео)

Опубликовано:

Германияның Мюнстер қаласында көркемөнердегі жалаңаштанған денеге арналған көрме ашылды.

Бұл - дәстүрлі шара. Алайда оған нәресте ұстаған тыржалаңаш әйел кірген кезде келушілер аң-таң болды. Ол көрмені аралап, қолындағы нәрестеге картиналарды көрсетіп жүрді, - деп хабарлайды Blick.

Тыржалаңаш болып келген әйел 32 жастағы  швециялық суретші Мило Муар болып шықты. Ол осы әрекетке саналы түрде барғанын айтып отыр.

"Мен бәрін біліп істедім. Адамдар жалаңаштанған денені қалай қабылдайды? Картинаға қарап сүйсіну - ол бір бөлек. Ал сенің жанында тұрған тыржалаңаш әйелге қарау мүлдем басқаша қабылданбай ма? Өнер мен шынайылық бір-біріне қалай әсер етеді? Осыны тексергім келді", - дейді Мило Муар.

Алайда көрмеге келушілер оның бұл әрекетін  әрқалай қабылдады. Ер адамдар құптаса, әйелдер қарсы болды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/357185-tyrzhalanash-kyjinde-korme-aralagan-suretshi-ejelge-kopshilik-tandaj-kakty-video/

pixel