Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Дубайда бес жұлдызды қонақ үйлердің бағасы арзандап жатыр

Опубликовано:

Соңғы жүргізілген зерттеу деректеріне сүйенсек, БАӘ-дегі төрт және бес жұлдызды қонақүйлердің бағасы аз көлемде, бірақ тұрақты түрде арзандап бара жатыр.

Зерттеу жүргізген HotStats агенттігі қонақүйлердің қолжетімді бола түскеніне етек жайған жемқорлықтың да әсері бар деп санайды.

Олардың дерегі бойынша, жыл басынан бері келушілер саны 0,4 пайыз артса да қонақ үй бағасы 4,6 пайызға арзандаған. Ал, STR Global агенттігінің пікірінше, сұраныстан ұсыныс көлемінің артуы бағаның арзандауына соқтырып отыр.

Жергілікті консалтингтік компания JLL 2015-2018 жылдар аралығында қосымша 27 мың қонақ үй нөмірін пайдалануға беруді жоспарлап отыр. Биылдың өзінде 4700 нөмір беріледі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/358812-dubajda-bes-zhyldyzdy-konak-yjlerdin-bagasy-arzandap-zhatyr/

pixel