Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Әлемдегі ең ұсқынсыз әйел" өз өмірі жайлы деректі фильм түсірді (видео)

Опубликовано:

Сирек кездесетін сырқатпен ауыратын американдық Лиззи Веласкес өзі жайлы деректі фильм түсірді. 

Бұл туралы korrespondent.net-ке сілтеме жасай отырып, NUR.KZ хабарлайды.

Туылғаннан салмақ жетпеушілікпен сырқат Лиззи Веласкес, "Батыр жүрек: Лиззи Веласкестің оқиғасы" атты фильм түсірді, деп жазады People Magazine.

"Әлемдегі ең ұсқынсыз адам" деп танылған 26 жастағы әйел өзінің бастан кешірген қиындықтары туралы фильмімен көпшіліктің ықыласына бөленді.

Фильмнің Техастағы көрсетіліміне сансыз көрермендер ағылған. Көрермендер арасында Лиззидің құрбылары да болған. Олар фильмнің видеосын YouTube желісіне салыпты.

Дәрігерлердің айтуынша, 26 жастағы Лиззидің емге берілмейтін бұл сырқаты әлемде өте сирек кездеседі. Жер жүзінде ондай жандар бар-жоғы үшеу екен.

Веласкес өзі сияқты ерекше адамдардың қоғаммен қабылданбауына қарсы кампания ұйымдастырған. Оның фильмі әйелге жанашыр жандар қайырымдылыққа берген 215 мың доллар қаражатына түсірілді. 

Лизи Веласкес, сонымен қатар, қоғамда қиындықтарға тап болғандарға арналған 3 психологиялық кітаптың авторы.

Бұған дейін Лиззидің одан әрі азып кетпес үшін әр 15 минут сайын тамақтанатыны айтылған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/360971-elemdegi-en-yskynsyz-ejel-oz-omiri-zhajly-derekti-film-tysirdi-video/

pixel