Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алтын қыздар: қалың малы қомақты миллионерлердің қыздары (фото)

Опубликовано:

Қалталы азаматтардың қыздары қашанда ерке әрі қолдарынан түк келмейді деген пікір қоғамда қалыптасып қалған. Дегенмен бұл пікіріді теріске шығарған қалталылардың қыздарын Comode жария етті.

Иванка Трамп

Иванка анасынан сұлулықты, әкесінен іскерлік қасиетін қатар алған. Американың ең танымал миллиардері Дональд Трамптың қызы Пенсильвания университетінің экономикалық факультетін үздік бітірді. Өзін сән әлемінде сынап көрген ару бұл салада әрі қарай қалғанда талай жетістіктерге жетер еді.

Алайда ол кәсіпкерлікке бет бұрды. Өзінің әшекей бұйымдар, аяқ-киім, жылжымайтын мүлік желілерін ашқан Иванка кіріс көздерін қалай тиімді табуға болатынын байқатты.

Болашақ күйеуі, Чарльз Кушнердің ұлы Джаредпен Иванка 2008 жылы танысты. Бизнес бойынша кездескен жұп бас қосып, 6 миллион долларға той жасады.

Той фотосы америкалық HELLO журналының мұқабасында жария болды. Сүйіктісі үшін иудаизм дінін қабылдаған Иванка 1,5 жылдан кейін Арабелла есімді қызды дүниеге әкеледі.

Ал 2013 жылы ұлды болып, есімін Джозеф Фредерик Кушнер деп қояды. Иванка - жеке өмірі мен бизнесін қатар ұстай білген дарынды әйел.

Дарья Жукова

Бұл ханым "Синтез Ойл" компаниясының негізін қалаған Александр Жуковтың қызы. Ата-анасы айырылысып кеткеннен кейін, Дарья анасымен Санта-Барбарада (АҚШ) тұрады.

16 жасында әкесінің шақыруымен Лондонға көшкен миллионердің қызы London College of Naturopathic Medicine оқу орнында білім алып, кәсіпкерлікпен айналыса бастайды. Құрбысымен бірігіп, жастар арасында сұранысқа ие болған Kova&T киімдер желісін нарыққа шығарады.

Дарья Жукова көпшілік назарына теннисші Марат Сафинмен кездесе бастағанда ілігеді.

Кейін кештердің бірінде Роман Абрамовичпен танысып, Абрамович Дарья үшін өз әйелімен айырылысып кетеді.

Екеуінің ортақ 2 баласы дүниеге келеді. Абрамовичтің қолдауымен Дарья елде танымалдылыққа ие болған "Гараж" заманауи өнер орталығын ашады. Бүгінгі таңда Дарья Жукова мен Абрамовичті дүние жүзі бойынша папарацци аңдып, жұп әр уақыт ел назарында жүреді.

Анна Абрамович

Роман Абрамовичке қатысы бар тағы бір тұлға – оның қызы Анна. Анна қалталы азаматтың қызы болғанына қарамастан өте қарапайым киінеді.

Ол білімге құштарлығымен көпшілік назарына іліккен. Вестминстерлік университеттің Godolphin and Latyme әйелдер мектебін бітірген Анна сурет өнеріне бет бұрады. Ал арудың жеке өміріне қатысты ешқандай ақпарат жоқ.

Анна Анисимова

Анна Анисимова –" алюминий магнаты" Василий Анисимовтың кіші қызы. Анна Американың бұқаралық ақпарат құралдарында жиі назарға ілігіп отырады. АҚШ-та оны "орыстың Пэрис Хилтоны" деп атап кеткен.

Анна жылжымайтын мүліктерді сатып алғанды және сатқанды ұнатады.  Ол қымбат үйлерінің бірінде үлкен аквариумде ат басты балықтар ұстайды.  Бұл балық түрлерін Анна «Су перісі» мультфильмін көргеннен кейін қатты ұнатып қалған. Жеке өмірінде бірнеше жыл америкалық қаржыгермен кездескені, кейін Sunrise Pictures кинокомпаниясының бас директоры Питер Шафернге тұрмысқа шыққаны белгілі.

Тамара Экклстоун

Тамара Экклстоун –"Формула 1" қожайыны, миллиардер Берни Экклстоунның және модель Славики Экклстоунның қызы. Ол британдық спорт арнасында көлік жарыстарының комментаторы болып қызмет атқарады, сондай-ақ фотоссессияларға жиі қатысады.

Әкесі Тамараның кез-келген еркелігін көтеруге әзір.  Жақында Берни 55 бөлмесі бар әлемнің ең қымбат жекежайын қызына сыйға тартты. Жекежайда тіпті Тамараның итіне де жеке спа-салон бөлмесі қарастырылған.

Барлығы Тамараны өз теңіне күйеуге шығады деп күткенімен, ол қарапайым биржа маклеріне тұрмысқа шықты.

Еуропалық БАҚ танымал Grand Hotel Saint Jean Cap Ferrat қонақүйінде өткізілген тойды "жыл тойы" деп атады. Көп ұзамай жұп нәрестелі болғанын жария етті.

Шарлотта Казираги

Шарлотта Казираги – Монако князі, Альбер ІІ-нің 28 жастағы немере қарындасы. Ару журналистикада жақсы жетістіктерге жетіп, сән әлемінің "алыбы" Gucci-мен жұмыс жасайды. Шарлотта жылқылармен әуестенеді.

42 жастағы күйеуі, комик-әртіс Гад Эльмалехпен Шарлотта 2012 жылы танысты. Жақында Шарлотта ана атанды.

Дилан Лорен

Танымал кутюрье Ральф Лореннің қызы Дилан - әкесінің $4,6 миллиардқа тең қазынасының мұрагері. Дилан әкесінің сән әлемінде жүргеніне қарамастан, кәсіпкерлік жолын таңдайды.

Қазірде Дилан - тәттілер шығаратын компанияның иесі. Бұдан өзге жағдайы жоқтарға тамақ ұсынатын қайырымдылық қорын басқарады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/759773-altyn-qyzdar-qalynh-maly-qomaqty-milli/

pixel