Йеменде әл-Каиданың Арабия түбегіндегі басшысы өлтірілді
Опубликовано:
«Арабия түбегіндегі әл-Каида» (АТАК) лаңкестік ұйымының басшысы Насыр әл-Вахиши жұма күні 12 маусымда ұшқышсыз басқарылатын, болжам бойынша, америкалық аппарат арқылы шабуыл жасау кезінде опат болды.
Бұл туралы CNN-ге Йемен қауіпсіздік органдарындағы шенеуніктер хабарлады.
АТАК-тың танымал қайраткерлері Twitter-ден хабарлағандай, әл-Вахиши «шахид» болған. Оның орнын қазір әскери қолбасшылардың бірі Касм әл-Рими басты. Ол сондай-ақ Әбу Харейра ас-Санани есімімен де танымал.
Америкалық барлаушы құрылымынан әл-Вахишидің өлімін растау мақсатында іс-шаралар жүргізіліп жатқаны хабарланды.
Белгілі болғандай, АТАК басшысы «Әл-Каидадағы» «нөмір екінші адам» болған. Ғаламторға тараған видеожазбалардың бірінде ол «крестті өртеп», АҚШ-қа қарсы соғыс жариялауға үндеген болатын, деп хабарлайды Лента.Ру.
Йеменнің тумасы әл-Вахиши АТАК-тағы басшылық қызметті 2009 жылы алған. Бұған дейін үш жыл бұрын ол йемендік түрмеден қашып кеткен болатын. Сондай-ақ ол «Әл-Каиданың» бұрынғы басшысы Усама бен Ладеннің хатшысы қызметін атқарған.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/789077-yemende-al-kaidanynh-arabiya-tubeginde/