Мысырда Рамазан айына байланысты 165 сотталушыға кешірім берілді
Опубликовано:
Мысыр президенті Әбдел Фаттах ас-Сиси қасиетті Рамазан айының басталуына орай 165 сотталушыға кешірім берді деп хабарлайды 24.kz.
Олардың арасында кәмелеттік жасқа толмаған 5 жасөспірім мен 4 студент бар. Олардың көбі шеру туралы заңды бұзғандары үшін бас бостандығынан айырылғандар.
Естеріңізге салайық, 2013 жылдың шілдесінде ел президенті Мұхаммед Мүрси биліктен кеткен болатын. Кейін ел аумағында қанды қақтығысқа әкелген наразылық акциялары жиілеп кеткен еді.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/792237-mysyrda-ramazan-ayyna-baylanysty-165-sot/