Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Информбюро тілшісі Тимур Ермашев алғашқы кітабын жариялады

Опубликовано:

31-арна қызметкері, «Информбюро» бағдарламасының тілшісі Тимур Ермашевтің кітабы жарыққа шықты.

31-арна ақпараттық дамудың басты стратегиясы әрі қозғаушы күші ретінде әлеуметтік жауапкершілікті басты назарға алады. Мамандарды оқыту әрі біліктіліктерін арттыру арқылы талантты, кәсіби жас мамандардың жетіспеушілігін тудыратын мәселенің алдын аламыз. Қызметкерлерге жұмыс істеуге қолайлы жағдай жасап, қолдау көрсету, олардың жұмыс істеуге деген құлшыныстарын арттырып, алға қойған мақсаттарына жетуге көп үлесін қосады.

Күн санап телеарна өзінің көрермендерінің санын арттыруда. Бұл жетістікке кәсіби мамандардың арқасында жеттік.

Білікті тілшілеріміздің қатарында Тимур Ермашев атты «Информбюро» жаңалықтар қызметінің корреспонденті де бар. 31-арнаның ат салысуымен Тимурдың «Воскрешающий легенды» атты фантастика жанрында жазылған кітабы 3000 данамен шығарылды.

«Воскрешающий легенды» - екі дос арасында болған тылсым оқиғаны баяндайды. 17-ғасырда өткен қазақ-жоңғар көтерілісі кезеңін зерттеу мақсатында жолға шыққан екі дос көлік апатына ұшырып, белгісіз бір себептермен Орта ғасырдан шығады. Жолдан олар Қазақ хандығына аттанғалы жатқан бір топ әскер кездестіріп, солармен еріп кетеді. Уақыт өте Мақсат (бас кейіпкер) өз кітабында жазған оқиғаға тап болып, сондағы кейіпкерлерді кездестіреді. Өткен ғасырда өмір сүрген тарихи тұлғалармен кездеседі, қазақ хандығы тарихындағы ең үлкен шайқастың біріне қатысады. Кейінірек, автордың қатысынсыз оқиға өз кезегімен өрбиді.

Тимурдың кітабы патриоттық рухты көтереді және биылғы Қазақ хандығының 550 –жылдығына арналған мерекеге керемет сыйлық.

Тимур Ермашев, «Информбюро» тілшісі, кітап авторы:

- Отандық әдебиеттегі басты мәселенің бірі – дәстүрлі баспа бизнесінің дамымай, бір орында тұрғандығы. Менің кітабым үш жыл бойы қолжазба ретінде ғана болды. 31 арна басшылығының көмегінсіз, бәлкім, кітабым жарыққа шықпас та еді. Арна басшылығының менің ұсынысымды қабыл алып, кітабымды баспаға беретіндігін айтқанда, сенер-сенбесімді білмедім. Менің арманымның орындалуына ат салысқан арна басшылығына, өзімнің әріптестеріме алғысымды білдіремін.

«Воскрешающий легенды» (Аңыздарды жаңғыртушы) – Тимур Ермашевтің жарияланған алғашқы кітабы. 17-ғасырдағы Казақ - жоңғар арасындағы соғыс кезеңін зерттеу мақсатында жолға шыққан екі дос көлік апатына ұшырап, сол ғасырдың тұрғындарына айналады. Шығарманың басты кейіпкерлері өткен дәуірде өмір сүрген тарихи маңызы бар шешімдерге, жарғыларға қатысып, тарихи тұлғалармен тілдеседі.

Толық ақпарат алу үшін:

Алматы қ. Тәжібаев көш. 155 Тел/факс: +7(727)3152940 (ішкі 4095) Айгерім Төлепберген Е-mail: a.tolepbergen@31.kz

PR құқында

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/832152-informbyuro-tilshisi-timur-ermashev-algh/