Испания королі әлемдегі ең сымбатты саясаткерлер тізіміне енді (фото)
Опубликовано:
Король Фелипе VI дүние жүзіндегі ең тартымды мемлекет қайраткерлері рейтингінде үшінші орынға ілікті. Бұл туралы El Confidencial-ке сілтеме жасап 24.kz хабарлайды.
Басылым тізімді құрастыру кезінде саясаткерлердің сыртқы сымбатына қоса, олардың іскерлік ептілігі мен атының БАҚ-та аталу жиілігін де есепке алған.
Жалпы бұл рейтингтегі бірінші орын Джигме Кхесар Намгьял Вангчукке бұйырған. «Бұл кім» десеңіз, Бутан мемлекетінің королі екен.
Бұл ел Оңтүстік-Шығыс Азия мен Үндістанның аралығында орналасқан. Бутан монархы – әлемдегі ең жас мемлекет басшысы саналады. 35 жастағы монархтың ресми атағы «Бутанның Айдаһар Королі» деп аталады екен.
Рейтингтің екінші орнын Мексика президенті Энрике Пенья Ньето иеленді. 49 жастағы саясаткер бір қарағаннан-ақ адамды өзіне тартатын сымбаттылығымен әлемгі әйгілі.
Тартымды саясаткерлер тізімінде Аргентина президенті Кристина Киршнер, Люксембургтің Ұлы герцогы Анри (Генрих), Грекия премьер-министрі Алексис Ципрас та бар, деп хабарлайды espanarusa.com.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/851825-ispaniya-koroli-alemdegi-enh-symbatty-s/