RU

Тәж Махалда селфи жасамақ болған турист ажал құшты

Жапониялық турист Үндістандағы Тәж Махал кесенесінің баспалдағында селфи жасамақ болғанда құлап, бас жарақатынан қаза тапты. Бұл туралы сенбі күні BBC News хабарлады.

Полицияның мәлімдеуінше, турист баспен құлаған кезде есінен танып қалған. Ол ауруханада көз жұмды. Қайғылы оқиға кезінде жанында үш серігі болған.

Тәж Махал кесенесі Жамуна өзенінің алабынан жоғары жатқан жарқыраған, ғажайып ғимарат. Үнді сәулет өнерінің тамаша үлгісі ғана емес, бүкіл жер жүзінің мақтанышына айналған әлемдегі жеті кереметтің бірі.

Күн сайын оны көруге 12 мың адам келеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/896513-tazh-makhalda-selfi-zhasamaqqa-arekette/