АҚШ-та құс жейтін өрмекшінің кесірінен әуе лайнері ұшпай қалды
Опубликовано:
АҚШ-тың Балтимор қаласындағы халықаралық әуежай қызметкерлері жүк бөлігінен ірі құс жейтін улы өрмекшінің табылуына байланысты Delta компаниясы әуе лайнерінің ұшуына тыйым салды.
Бұл туралы Delta ресми өкілі Брайен Круз мәлім етті.
Оның сөзіне қарағанда, Шығыс Африкада тіршілік ететін улы өрмекшіні жолаушылардың чемодандары мен қол жүктерін тиеп жатқан жұмысшылар байқап қалған. Құс жегіш өрмекшіні әуежай қызметкерлері бірден ұстағандығы хабарланды.
Әуе лайнері Атлантаға(Джорджия штаты) ұшуы тиіс болатын.
Оқыс оқиғаға байланысты барлық жолаушылар, үш сағаттай кешігіп, басқа рейспен аттандырылды.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/902949-aqsh-ta-asa-iri-uly-ormekshininh-kesirine/