Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Әлемнің бай елдері қатарына 6 мұсылман мемлекеті енді

Опубликовано:

Transparency International орталығының мамандары әлемдегі ең бай мемлекеттер тізімін жариялап отыр. Бұл туралы muslim.kz хабарлайды.

Аталмыш тізім Бүкіләлемдік банк ұсынған ЖҰӨ (Жалпы Ұлттық Өнім) көрсеткіштерінен сараптау арқылы түзілген. Зерттеушілер мемлекеттердің кедейлігі мен байлығын анықтау барысында Жалпы Ұлттық өнім мен ішкі өнім көрсеткіштері, тұрғындардың жұмыспен қамтылуы, сауаттылық деңгей, орташа өмір сүру ұзақтығы, ғаламтормен байланыс, мемлекеттік шығындар, экспорт пен импорт көлемі, т.б. өлшемдер бойынша зерттеу жасаған.

Бұдан бөлек, Transparency International орталығының жемқорлыққа байланысты мәліметтері де есепке алынған. Тізімге енген мемлекеттер көшін Катар елі бастап тұр.

Ал, Кувейт мемлекеті үшінші орында, Сингапур – төртінші, Бруней әмірлігі бесінші орынды иеленген. БАӘ-нің бұл тізімдегі орны жетінші болса, Сауд Арабиясы 13-орынға тұрақтаған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/960238-alemninh-bay-elderi-qataryna-6-musylman/

pixel