Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Көпбалалы әке отбасын тастап, 6 жасар қыз балаға айналды

Опубликовано:

Канадада 52 жастағы ер кісі отбасын тастап, жаңа отбасына 6 жасар қыз бала ретінде өмір сүруге бел буды.

Торонтодағы 7 баланың әкесі 23 жыл некеден кейін отбасын тастап кетті. 52 жастағы Канадалық Пауль Вольск гормондар арқылы 6 жасар қыз балаға айналуға тырысуда. Асырап алған отбасында ол бантик тағып, көйлек киіп жүреді деп жазады Известия.

46 жасында ер кісі жұбайы Марияға өзін бала ретінде сезінетінін, нақтырақ айтқанда қыз бала ретінде қабылдайтынын айтқан. Канадалық азамат затын жинап, өзін асыранды ата-анасы атап жүрген достарының үйіне көшіп кетеді. Паульдың сүйікті ісі — ойын ойнап, көйлектер кию.

«Үйленген адам болғанымды жоққа шығара алмаймын. Балаларым барын да растаймын. Алайда мен ілгері жылжып, балаға айналу үшін қайтып оралдым. Мен дәл қазір есейгім келмейді», — деген канадалықтың сөзін The Mirror жариялады.

Вольск мұндай қадамға кезінде мүлдем балалық шағы болмағаны итермелегенін алға тартты. Қыз балаға барынша ұқсап бағу үшін ол 2009 жылдан бері гормондар қабылдап келеді.

Пауль асырап алған отбасында бәрі оған қолдау білдіріп отырғанын айтуда. Бұрынғы отбасы оны тойға әке ретінде шақырмақ болған. Тек нағыз ер азаматтарша киінуін талап еткен. Шақыртудан кейін бірнеше сағат өткенде ер кісі өзіне қол салмақ болған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/987402-kopbalaly-ake-otbasyn-tastap-6-zhasar-qy/

pixel