Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ресей бұрынғы мұнай магнатына халықаралық іздеу жариялады

Опубликовано:

Ресей соты қуғындағы бұрынғы мұнай магнаты, президент Владимир Путин билігін сынап келе жатқан Михаил Ходорковскийді қамауға сырттай шешім шығарып, халықаралық іздеу жариялады.

Ресей тергеу комитетінің хабарлауынша, "Открытая Россия" ұйымын құрған Ходорковскийге бұған дейін "екі немесе одан да көп адамға қастандық жасауды және өлтіруді ұйымдастырды" деген айып тағылған. Тергеу комитеті Ходорковскийді ЮКОС компаниясын басқарып тұрғанда 1998-1999 жылдары компания қызметкерлері Леонид Невзлин мен Алексей Пичугинге Нефтеюганск қаласының мэрі Владимир Петухов пен кәсіпкер Рыбинді "өлтіруге тапсырыс берген" дейді.

30 маусым күні тергеу комитеті Нефтеюганск мэрінің өліміне қатысты істі тергеуді жаңа мәлім болған деректерге байланысты қайта бастаған.

Бұған дейін бұл іс бойынша Невзлин, Пичугин, Геннадий Цигельник, Евгений Решетников және Владимир Шапиро сотталған еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/995479-resey-burynghy-munay-magnatyna-khalyqa/

pixel