Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Сенімді ақтаймын": Бектенов премьер-министр болып тағайындалғаннан кейін сөз сөйледі

Опубликовано:

Олжас Бектенов
Олжас Бектенов: NUR.KZ

Қазақстанның жаңа премьер-министрі Олжас Бектенов кандидатурасы мақұлданғаннан кейін мәжілісте сөз сөйледі. Ол өзіне артылған сенімді ақтауға уәде берді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

"Артылған сенімді ақтаймын. Менің кандидатурамды қолдағаны үшін депутаттық корпусқа алғыс айтамын. Мемлекет басшысы еліміздің экономикалық дамуы бағытында нақты тапсырмалар берді. Бұл тапсырмалар орындалады. Бізге жаңа экономикалық серпін керек. Шын мәнінде жедел әрі шешуші шаралар қабылдау қажет. Өнеркәсіп, мұнай және басқа да маңызды салалар сияқты салаларға баса назар аударылатын болады", – деді Олжас Бектенов.

Ол қазақстандық өндірісті ынталандыру шаралары қабылдантынын айтты.

"Қазақстанда жасалған тауарлардың үлесін арттырып, отандық өндірушілерді қолдау мақсатында офтейк-келісімшарттар жүйесін толық іске қосамыз. Басты мақсат - басқа елдің емес, өзіміздің ұлттық бизнесімізді қолдау", - деп қосты жаңа премьер-министр.

Сондай-ақ Бектеновтың айтуынша, Қазақстанда жасанды интеллекет мен жаңа технологиялардың мүмкіндіктері кеңейеді, сонымен қатар заң үстемдігі қамтамасыз етеді және қазақстандықтарды толғандыратын мәселелер шешіледі.

Айта кетейік, бүгін мемлекет басшысының жарлығымен Олжас Бектенов еліміздің премьер-министрі болып тағайындалды.

5 ақпанда Қазақстан үкіметі отставкаға кетті. Қазақстан Республикасының премьер-министрінің міндеті Роман Склярға жүктелді.

Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли Қазақстанда жаңа министрлер кабинеті қашан құрылатынын айтты.

Сондай-ақ Ақорда Тоқаевтың қатысуымен үкіметтің кеңейтілген отырысы өтетінін еске салды – ол сәрсенбіде, 7 ақпанда өтеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2059440-senimdi-aqtaimyn-bektenov-premer-ministr-bolyp-tagaiyndalgannan-keiin-soz-soiledi/

pixel