Роман Скляр премьер-министрдің міндетін атқарушы болды
Жарияланған күні:
Бүгін Қасым-Жомарт Тоқаев үкіметтің отставкасын қабылдады. Осылайша Қазақстан Республикасы премьер-министрі міндеттерін уақытша атқару Роман Васильевич Склярға жүктелді, деп хабарлайды Ақордаға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.
Үкімет мүшелері Үкіметтің жаңа құрамы бекітілгенге дейін өз міндеттерін атқаруды жалғастыратыны айтылған.
Бұған дейін мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасы Үкіметінің орнынан түсуі туралы қаулыға қол қой ғанын хабарлаған едік.
Еске салайық, бүгін Ақордада Тоқаевтың қатысатын үкіметтің кеңейтілген отырысын жариялады - ол 7 ақпан, сәрсенбіде өтеді. Өткен аптада жоспарланған отырыстың күні туралы сенат спикері Мәулен Әшімбаев хабарлаған. Содан кейін журналистер үкіметтің отставкаға кетуін күту керек пе деп сұраған, бірақ сенат төрағасы мұндай сұрақтарға жауап беруге құқығы жоқ екенін айтты.
Айта кетейік, ҚР Үкіметінің құрамы 2023 жылдың күзінде жаңартылған, өйткені президенттің ел халқына жыл сайынғы Жолдауынан кейін Қазақстанда жаңа министрліктер пайда болды, сондай-ақ министрлер ауысқан.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2059221-roman-sklyar-premer-ministrdin-mindetin-atqarusy-boldy/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.