RU

Қазақстанда 2007 жылғы дағдарыстан кейінгі ең жоғарғы инфляция тіркелді

Қазақстанда 2015 жылы 2007 жылғы дағдарыстан кейінгі ең жоғары инфляция орын алды деп хабарлайды ҚазТАГ.

Қазақстанда 2015 жылдың қорытындысы бойынша 2007-2008 жылдардағы экономикалық дағдарыстан кейінгі ең жоңары инфляция орын алды, бұған Ұлттық экономика министрлігінің статистика комитетінің мәліметтері дәлел.

Сонымен, Қазақстанда 2015 жылғы инфляция 13,6%, 2014 жылы - 7,4%, 2013 жылы - 4,8%, 2012 жылы - 6%, 2011 жылы - 7,4%, 2010 жылы - 7,8%, 2009 жылы - 6,2%, 2008 жылы - 9,5% құрады.

Өз кезегінде өткен он жылдағы ең жоғары инфляция мына жылдары белгіленді: 2007 жылы - 18,8%, 2006 жылы - 8,4%, 2005 жылы - 7,5%.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1007658-qazaqstanda-2007-zhylghy-daghdarystan-keyin.html