Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Көптің назарында: NUR.KZ туралы басқа медиадағы жарияланымдар

Опубликовано:

Деловая встреча
Фото: Unsplash/Dylan Gillis

NUR.KZ он үш жылдан астам уақыт бойы сапалы әрі өзекті контентті ұсына отырып, аудиторияның ақпараттық сұранысына жауап беруді сәтті іске асырып келеді. Ұжым аудиторияны көбейтіп қана қоймай, интернет-портал жұмысы туралы басқа БАҚ-тың позитивті пікірлеріне ие болып отыр. Әріптестеріміздің жұмысымызды қалай бағалайтыны жөнінде ақпаратпен бөліскіміз келеді.

Би-би-си орыс қызметінің сайтында жарияланған дүние жүзіндегі серіктестермен ынтымақтастық туралы мақала.

Би-би-си орыс қызметі NUR.KZ сайтын күніне миллионнан астам бірегей пайдаланушыдан құралған аудиториясы бар Қазақстандағы ең танымал ресурстардың бірі деп атайды. Сондықтан біздің ресурс орыс тіліндегі британиялық қоғамдық жаңалықтар қызметінің материалдарын орналастыру алаңы ретінде таңдалды.

Қазақстандық Award.kz-2010 сайттар байқауының нәтижелері туралы PROFIT ИТ-порталындағы жарияланым.

2010 жылғы қараша айында IT нарығының үздік өкілдеріне Award.kz–2010 ұлттық интернет жүлдесі табыс етілді. NUR.KZ порталы «Салалық және аймақтық порталдар» номинациясы бойынша жеңімпаздар қатарынан көрінді.

Қазақстанның ең танымал мобильді қосымшалары туралы PROFIT ИТ-порталындағы жаңалық.

«Қазақтелекомның» Facebook парақшасында NUR.KZ Google Play Market-тегі топ-5 мобильді қосымшаның бірі атанғаны туралы ақпарат пайда болды. NUR.KZ рейтингі 4,5-ке жетіп, миллионнан астам қолданушы қосымшаны жүктеп алған.

NUR.KZ өкілдері өткізген БАҚ пен мемлекеттік органдарға арналған тренинг туралы TINFO-дағы (Талдықорған Инфо) жаңалық.

Журналист Алина Ғалымова мемлекеттік мекеме, билік органдары және БАҚ қызметкерлері қатысқан Workshop қалай өткені туралы айтып берді. Іс-шараны мемлекеттік мекемелермен жұмыс жөніндегі директор Ержан Сейітқазинов, SMM бөлімінің меңгерушісі Дилара Толыбаева және бас редактор Лейла Темірханова бастаған NUR.KZ ұжымы ұйымдастырып, өткізді. Олар заманауи медиа құралдарын пайдалана отырып, жоғары оқылымға ие болатын сапалы ақпаратты қалай ұсыну керектігін түсіндіріп, көрсетті.

Бас директор Қуат Бахридиновтің NUR.KZ жұмысы туралы Inform Buro-ға берген сұхбаты.

Қуат Бахридинов Zero.kz рейтингінен шығу, NUR.KZ танымалдығының құпиясы, редакция саясаты, ойын-сауық контенті және қазақстандық интернет-журналистиканың даму болашағы туралы айтты.

Бас директор Қуат Бахридиновтің Қазақстан интернет-БАҚ нарығының болашағы туралы Kursiv.kz сайтына берген сұхбаты.

Қуат Бахридинов интернет-БАҚ-ты іске қосу мен танымал етудің құпиясын ашты. Ол NUR.KZ-тің IT-компания ретіндегі соңғы трендтері мен даму тарихын бөлісті.

PROFIT ИТ-порталындағы NUR.KZ туралы көлемді мақала.

Журналист Александр Галиев NUR.KZ ұжымының жұмысы туралы өз пікірін білдірді. Жарияланым авторы компанияның бас кеңсесінде зерттеу жүргізді, жетекші мамандармен әңгімелесті. Компанияның PR маманы Татьяна Фоминова оған қызыққа толы экскурсия ұйымдастырды. Мақалада NUR.KZ жұмысының қағидалары, мақсаттары мен құндылықтары көрсетілген.

Алматы әкімдігінің сайтында әкім Бауыржан Байбектің бизнес өкілдерімен кездесуі туралы мақала жарияланды.

Жиын барысында NUR.KZ бас директоры Қуат Бахридинов порталдың жаңа медиа жобаларына тоқталды. Ол жаңа музыкалық стриминг қызметі мен отандық контентке баса назар аударатын «video on demand» бейнеконтенті бар онлайн платформаның іске қосылуын назарға ұсынды.

Өңірлік БАҚ форумы туралы республикалық «Егемен Қазақстан» газетінің сайтындағы жарияланым.

Өңірлік БАҚ форумындағы сессия аясында NUR.KZ бас директоры Қуат Бахридинов баяндама жасады. БАҚ-тың цифрлық трансформациясы және БАҚ-тың 2018 жылдағы және таяу болашақтағы дамуы мәселелері талқыланды.

«ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігінің» порталындағы NUR.KZ мобильді қосымшасы және оның жаңартулары туралы мақала.

2018 жылғы қараша айында NUR.KZ компаниясы iOS мобильді қосымшасына арналған жаңартуды іске қосты. Дизайн жаңартылды, мазмұны кеңейтілді және жеке профиль жасау мүмкіндігі пайда болды.

«Бизнес және билік» баспасының сайтындағы «Музыка Нур» мобильді қосымшасы туралы жаңалық.

NUR.KZ әзірлеген жаңа қосымшада ыңғайлы интерфейс, жеке плейлист құру немесе дайындарын пайдалану мүмкіндігі, интернетке қосылмай-ақ музыкаға шектеусіз қол жеткізу мүмкіндігі бар. Тегін қосымшаның ауқымды музыкалық дерекқорында музыкалық контенттің отандық сегменті ұсынылған.

Kursiv.kz сайтындағы NUR.KZ IT-компаниясы туралы ауқымды мақала.

ҚР-дағы ең ірі жаңалықтар бейнесервисі тек өзекті жаңалықтарды ғана емес, сонымен қатар жаңа бейнебаяндар, жаңа фильмдердің трейлерлерін, үздік сюжеттер, клиптер мен фильмдердің рейтингтерін ұсынады. NUR.KZ-тің ыңғайлы мобильді нұсқасы жаңа қолданушылардың тұрақты оқырманға айналуына қол жеткізуде.

Kursiv.kz сайтындағы NUR.KZ мысалында табысты бизнес пен команда құру туралы мақала.

HR директоры Мария Карчевская NUR.KZ-тің мықты команда құруының құпиялары мен оның бизнестегі табысқа әсері туралы айтты. Ол NUR.KZ-те тиімді жұмыс істейтін табысты бизнес құрудың негізгі ережелерін атады: адам ресурсының құндылығы, командада мансап бойынша жоғарылау перспективалары, қызметкерлерді дамыту, қолайлы іскерлік атмосфера мен қолайлы жұмыс жағдайын жасау.

Қазақ тіліндегі әлемдегі ең ірі медиа — KAZ.NUR.KZ жұмысының қағидалары туралы Kursiv.kz сайтындағы ауқымды жарияланым.

Мақалада ресурстың негізгі қағидасы қазақ тілінде эксклюзивті мақалалар әзірлеу екені айқындалады. Оның қалай жүзеге асып жатқаны туралы редакция басшысы Гүлназ Әбдуәли айтып берді.

NUR.KZ IT-компаниясына және Қазақстандағы басқа компанияларға жұмысқа қабылдау кезінде тест тапсырмасын сәтті өтуге арналған лайфхактар ​​туралы Kursiv.kz-тегі пайдалы мақала.

NUR.KZ-ке жұмысқа қабылдау кезінде тест тапсырмасын орындаудың негізгі критерийлерінің қысқаша сипаттамасы. Іріктеуден сәтті өту үшін не істеу керек және не істемеу керектігі туралы кеңестер берілген.

QAZNET 25 YEARS FORUM шарасы туралы Bluescreen.kz сайтындағы мақала.

Қазнеттің құрылғанына 25 жыл толуына орай қазақстандық инфлюенсерлердің қатысуымен үлкен шара өтті. Басты баяндамашылардың бірі NUR.KZ бас директоры Қуат Бахридинов болды.

PR бойынша тренинг, Талдықорған қаласы мен Жетісу тұрғындары туралы TINFO (Taldykorgan Info) web-сайтындағы жаңалық.

Талдықорғандағы Журналистер үйінде «Internet Portal Nur» ЖШС бас директоры Қуат Бахридинов, NUR.KZ қазақ редакциясының басшысы Гүлназ Әбдуәли және NUR.KZ GR-департаментінің даму жөніндегі директоры Жәңгірхан Ғабдулиннің қатысуымен тренинг өтті. Тақырыптар: «NUR.KZ: Ақпараттық порталдан IT-компанияға дейінгі жол» және «ХХІ ғасыр: Қазнеттің ақпараттық алаңындағы PR».

Жетісу өңірінің баспасөз хатшылары, БАҚ қызметкерлері мен болашақ журналистеріне арналған оқыту семинары туралы облыстық «Талғар» қоғамдық-саяси газетінің сайтында жарияланым.

Тәжірибелік тренингті NUR.KZ сайтының топ-менеджерлері: бас директор Қуат Бахридинов, қазақ редакциясының басшысы Гүлназ Әбдуәли және GR-департаментінің даму директоры Жәңгірхан Ғабдулин өткізді. Шараның басты мақсаты болашақ мамандарды дайындау болды. NUR.KZ менеджерлері таргетинг, CEO және SMM көмегімен сапалы және тартымды, сонымен қатар аудитория арасында сұранысқа ие болатын ақпаратты қалай жасау керектігін айтып берді.

NUR.KZ өткізген шеберлік сабағы туралы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің сайтындағы жаңалық.

NUR.KZ редакторы Самат Төреқұл журналистика факультетінің студенттеріне арнап шеберлік сағатын өткізді. Шеберлік сағаты «PR және халықаралық журналистика апталығы» мен Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дің 85 жылдығы аясында өткізілді.

PR және коммуникациялар туралы Drive онлайн-журналының сайтында QazForum қазақ тілінде контент жасаушылардың III форумы туралы мақала.

NUR.KZ-тің бас редакторы Павел Притчин QazForum қазақ тілінде контент жасаушылардың III форумында сөз сөйледі. Ол медианы монетизациялау туралы кейсті бөлісіп, контенттің мазмұнына ғана емес, ұсыну пішініне назар аударды.

«Московский комсомолец» газетінің сайтында шыққан «Жыл таңдауы – 2019» марапатының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі туралы жаңалық.

Марапаттау рәсіміне отандық жетекші БАҚ өкілдері қатысты. NUR.KZ 2019 жылдың үздік интернет-порталы болып танылды.

«Московский комсомолец» газетінен «Жыл таңдауы – 2020» марапаттау рәсімі туралы тағы бір жаңалық.

Марапаттау рәсімінде нөмір бірінші интернет-портал болып NUR.KZ танылды. Команда өкілдерін құрметті белгімен марапаттады.

Kursiv.kz басылымындағы NUR.KZ сарапшысынан сауатты түйіндеме жасау туралы жарияланым.

NUR.KZ-тің HR-директоры Мария Карчевская үміткер түйіндемесін жасау кезінде жіберетін ең кең таралған 10 қателік туралы айтып берді. Ол ақпаратқа тұздық ретінде мұндай қателіктерді қалай жібермеуге болатыны туралы кеңестерін бөлісті.

ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығының құрметіне ұйымдастырылған салтанатты шара туралы online.zakon.kz сайтындағы жарияланым.

Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай NUR.KZ ақпараттық агенттігінің бас редакторы Павел Притчин ҚР Сауда және интеграция министрлігінен алғыс хат алды.

AdTribune-2022 конференциясы туралы «Орталық Азия жарнама қауымдастығының» порталындағы жарияланым.

AdTribune-2022 конференциясында спикер ретінде NUR.KZ-тің бас директоры Қуат Бахриддинов пен NUR.KZ-тегі арнайы жобалар бөлімінің басшысы Назгүл Адамалиева қатысты.

NUR.KZ сарапшыларының қатысуымен өткен AdTribune-2022 конференциясы туралы «Рекламный совет» желілік басылымының сайтындағы мақала.

NUR.KZ-тің бас директоры Қуат Бахридинов жарнамалық заңнамаға қатысты дөңгелек үстелге қатысты. Отырыс Ұлттық Медиа қауымдастығымен (ҰМҚ) бірге ұйымдастырылған.

NUR.KZ қатысуымен өтетін AdTribune-2022 конференциясының негізгі тақырыптары мен спикерлері туралы халықаралық деңгейдегі Freedom Broker жүей қалыптастырушы инвестициялық компанияның сайтындағы мақала.

Конференцияның негізгі тақырыбы – «Антиосалдық дәуірі». NUR.KZ арнайы жобалар бөлімінің басшысы Назгүл Адамалиеваның «Жергілікті ресурстар: мүмкіндіктер мен сәтті кейстер» тақырыбындағы кейсі ұсынылады.

NUR.KZ сарапшыларының қатысуымен өткен AdTribune-2022 туралы «Капитал» іскерлік ақпарат орталығының сайтындағы жарияланым.

AdTribune-2022 іс-шарасында NUR.KZ Арнайы жобалар бөлімінің басшысы Назгүл Адамалиева сөз сөйледі. Ол сандық жарнамаға арналған конференцияның ең ұзақ сессиясында «Жергілікті ресурстар: мүмкіндіктер мен сәтті кейстер» тақырыбын қозғады.

ҚР және Орталық Азия елдерінде жарнама, маркетинг және PR саласында маманданған Орталық Азиялық жарнама қауымдастығының сайтындағы жаңалық. Ақпарат ADTribune-2022 жарнамалық-медиа конференциясына және Digital агенттіктер нарығының өзекті нарық картасына арналған.

Арнайы жобалар бөлімінің басшысы Назгүл Адамалиева NUR.KZ мысалында сәтті кейспен бөлісті. Оның баяндамасының басты тұсы — адамдар жақсы көретін шынайы оқиғаларға баса назар аудару.

Елдегі қаңтар оқиғасының digital-жарнамаға әсері туралы нарық топ-менеджерлерімен tribune.kz сайтындағы сұхбат.

TV Media Digital компаниясының директоры Марина Бузубаева NUR.KZ сайтын бұрыннан келе жатқан серіктес және Қазнеттің басты ресурстарының бірі деп атады. Ол тұрақты интернет пайда болғаннан кейін трафикті толық органикалық қалпына келтіру туралы пікірді назарға ұсынды.

NUR.KZ ұжымы жасаған Android және iOS смартфондарына арналған инновациялық виджетті іске қосу туралы tribune.kz сайтындағы жаңалық.

2022 жылдың маусым айында NUR.KZ интернет-порталы ұялы телефондарға арналған виджетті іске қосқан болатын. Виджет өзекті жаңалықтарды қадағалау, оларды іздеу және оқу процесін жеңілдетуге мүмкіндік берді. Кез келген мақаланы сақтауға, оған пікір қалдыруға немесе әлеуметтік желілерде бөлісуге болады.

Қазақстандық БАҚ-ты цифрлық кеңістікте лайықты түрде көрсете білуде NUR.KZ ұжымының өз үлесі бар. Жұмсалған күш-жігердің тиімділігі мен нәтижелілігі БАҚ саласындағы әріптестердің жоғары бағасымен расталады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kak-rabotaet-nur-kz-kaz/1982222-koptin-nazarynda-nurkz-turaly-basqa-mediadagy-zariyalanymdar/

pixel