Top.Mail.Ru
NUR.KZ

САЙТ НҰСҚАСЫ:

ЗЕКТІЛЕРІ

NUR.KZ сайтында пікір қалдыру ережелері

Кез келген материалға пікір қалдыру кезінде келесілерге тыйым салынады:

  • Қалыптасқан жүйені бұзуға, соғысуға, терроризмге (хакерлік шабуылдарды қоса алғанда), экстремизмге шақыру.
  • Сепаратизмге, Қазақстан Республикасының аймақтық тұтастығын бұзуға бағытталған әрекеттерді жүзеге асыруға шақыру.
  • Әлеуметтiк, ұлтаралық, дiнаралық араздықты тудыру, кез келген ұлттың, нәсілдің немесе діннің өкіліне бағытталған дөрекі мәлімдемелер жасау.
  • Есірткі, психотроптық заттарды, темекі шегуді, сондай-ақ қатыгездікті, соққыға жығуды, адам өлтіруді, зорлық-зомбылықты және сексуалдық зорлықты насихаттау.
  • Суицид жасау тәсілдері мен құралдарын сипаттау және өзіне қол салуға итермелеу.
  • Жекелеген адамдарға, лауазымды тұлғаларға және қоғамдық адамдарға (оның ішінде қайтыс болған адамдарға), өзге пікір қалдырушыларға, олардың жақындары мен туған-туыстарына тіл тигізу, дөрекі сөздер жазу.
  • Жала жабатын, шындыққа сәйкес келмейтiн, тексерілмеген мәлiметтердi жариялау.
  • Кәмелетке толмағандардың құқықтарын бұзу және / немесе оларға қандай да бір түрде зиян келтіруді насихаттау.
  • NUR.KZ журналистеріне және өзге де қызметкерлеріне, NUR.KZ авторларына, модераторларына, сайт әкімшілігіне, NUR.KZ оқырмандары мен басылым басшылығына тіл тигізу, NUR.KZ басылымдары туралы дөрекі мәлімдемелер жасау.
  • Басқа адамдардың аты-жөндерін иемдену, біреудің атынан пікір қалдыру.
  • Жеке деректерді тарату, хат алмасу мен байланыс құпиялылығын бұзу.
  • Балағат сөз жазу (балағат сөзді өзгертіп жазуды қоса алғанда).
  • Бір пікірді сан мәрте жариялау (флуд).
  • Мән-мағынасыз пікірлер (флейм).
  • Мақала тақырыбына қатысы жоқ пікірлер (офф-топ).
  • Басқа сайттардың жарнамасы (басқа сайттарға сілтемелерді қоса алғанда). Тауарлар мен қызметтердің жарнамасы.
  • Өзге де ҚР заңнамасын бұзушылықтар.

NUR.KZ сайтындағы ережелерді бұзатын пікірлер ескертусіз жойылады. Жойылған пікірді екінші рет қалдырған жағдайда модератор қолданушыны бұғаттауға («тыйым салуға») құқылы.

Сайт әкімшілігі өз қалауы немесе автордың шешімі бойынша материалға пікір қалдыру мүмкіндігін алып тастауға құқылы.