NUR.KZ IT-компаниясы – 2009 жылы 4 наурызда құрылған, штаб-пәтері Алматыда орналасқан, NUR.KZ ақпараттық агенттігіне иелік ететін қазақстандық IT-компания. Құрылтайшысы - "Internet Portal Nur" ЖШС. Бас директор – Бахридинов Қуат Ғабдулмұхтарұлы.
NUR.KZ IT-компаниясының мақсаты - аудиторияның ақпараттық қажеттіліктерін қанағаттандыратын әрі адам өмірінің өзге де салаларында сервистік көмек көрсететін көлбеу интегралданған порталды медиа негізінде құру.
NUR.KZ негізі қаланған сәтте газеттік клишенің орнына интернет-журналистика канондарына бағына отырып, өзін "портал" ретінде ұсынған Қазақстандағы алғашқы интернет-жоба атанған болатын. Сол кездің өзінде веб-сайтта 20-дан астам тақырыптық бөлімдер мен сервистер болды.
Екі жыл ішінде NUR.KZ Alexa.com және Zero.kz рейтингтеріне сәйкес Қазнеттің ең көп қаралатын интернет-порталына айналды. Біздің ай сайынғы аудиториямыз сол кезде 3,5 млн қолданушыға жеткен.
2011 жылдың 5 қыркүйегінде біз Android үшін "Nur.kz - Қазақстан жаңалықтары" қосымшасын және сайттың қазақтілді нұсқасын іске қостық. 6 жылдан кейін мобильді қосымшаны жүктегендердің саны 1 млн-нан асты.
2013 жылы біздің редакция медиа арасында алғаш болып Facebook және Vkontakte әлеуметтік желілермен жүйелі жұмыс істеуді бастайды. Екі жылдан кейін біздің парақшалар қазақстандық компаниялар ішіндегі ең үлкен парақшалардың біріне айналады;
- Facebook - 40 мың жазылушы
- Vkontakte - 200 мың жазылушы.
2016 жыл жоба үшін жаңалықтарға толы болды:
- біз алғаш болып Facebook-те Instant Articles-ті іске қостық,
- бізге президент туралы арнайы жобаны құруды сеніп тапсырды,
- біз YouTube-тің Қазақстандағы ресми серіктесі атанып, мультиканалдық желі лицензиясын иелендік.
Бір жылдан кейін біз Google-дан парақшаларды жүктеу технологиясы болып табылатын AMP-ді іске қосуда пионер атандық. Сол сәтте ай сайын оқырмандар біздің мақалаларға 500 мыңнан астам пікір қалдырып отыратын.
2017 жылдың басында біз «Халық дауысы» арнайы жобасының пилоттық нұсқасын іске қостық . Ол кейін қазақстандықтардың жоғары бағалауына ие болып, дауыс беру жыл сайынғы жобаға айналды.
2020 жылы NUR.KZ командасы екі бағыты бар қаржылық көмекшіні іске қосты:
- Қолма-қол бағамдар - қолданушының ыңғайлығы үшін банктер мен қалалар бойынша жіктелген еліміздегі қолма-қол бағамдар туралы ақпарат.
- ҚРҰБ бағамдары - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің өзекті валюта бағамдары туралы ақпарат.
Елорданың 23-ші туған күнінде (2021 жылдың маусымында) біз фотобайқау ұйымдастырдық, байқау жеңімпаздарының алғашқы ондығына ақшалай сыйлықтар берілді.
Осы уақытқа дейін NUR.KZ-тің әр жеңісі марапаттар мен жүлделер арқылы бағаланып отырды. Біз 11 рет "Медиатордан" “Ең қызықты БАҚ” атағын иелендік, "№1 жаңалық порталы" номинациясы бойынша 5 рет "Жыл таңдауы" атандық ( 2015 , 2017, 2019 , 2020 , 2021 ). 2010 жылы біз Award.kz-тің "Салалық және өңірлік порталдар" номинациясы бойынша екінші орынды иеленген болатынбыз .
Бүгінде NUR.KZ Forbes.kz нұсқасы бойынша Қазақстанның топ-50 ірі интернет-компаниясы қатарынан табылуда және Би-би-си орыс қызметінің серіктесі болып табылады.
Бас редактор Притчин Павел Сергейұлының жетекшілігімен біздің материалдарды күн сайын 100-ден астам автор әзірлейді, олардың толық тізімімен мына жерден таныса аласыз .
Сайттың орыс тіліндегі нұсқасының шеф-редакторы - Антипина Елена Юрьевна, қазақша нұсқасының шеф-редакторы - Күзербаева Айтолқын Адырбайқызы.
Біздің клиенттер - Pepsico, Takeda, Satty Zhuldyz, AllurAuto, Food Master, Nazarbayev University, Astana Motors, Alpari, Kcell, ForteBank, Magnum, Сбербанк, Santo, TengriBank, Kaspi.kz, Bazis-A, Knauf, Coca-Cola, Bi-Group, Halyk Bank, Рахат.
NUR.KZ ақпараттық агенттігі:
Мерзімді баспасөз басылымын және ақпарат агенттігін тіркеу туралы No15988-ИА куәлігі 06.05.2016 жылы Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитетімен берілген.
Мерзімді баспа басылымының, ақпараттық агенттікті және желілік басылымды қайта тіркеу туралы № KZ43VPY00098001 куәлігі 01.08.2024 ж. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитеті берген.
Байланыс ақпараттары:
Адрес:
Қазақстан Республикасы, 050060, Алматы қ., Байзақов көш., 280, "Almaty Towers" БО, 18 қабат
Телефон: +7 (727) 339 80 38
Email: info@corp.nur.kz
Редакцияның байланыс ақпараттары:
Email: editor@corp.nur.kz
Жарнама берушілерге арналған байланыс:
Жарнама агенттіктері үшін: моб. +7 708 773 62 91 e‑mail: adv_agency@corp.nur.kz
Тікелей жарнама берушілер үшін: моб. +7 707 809 41 70 e‑mail: adv@corp.nur.kz
Мемлекеттік сектор үшін және мемлекеттік сатып алулар мәселесі бойынша: тел. +7 (727) 346 80 43 моб. +7 771 228 00 87 e‑mail: gr_department@corp.nur.kz