Құпиялылық саясаты
Бұл Құпиялық саясаты («Саясат») https://www.nur.kz/ веб-сайтын («Веб-сайт») және NUR.KZ мобильді қосымшасын («Қосымша»), (бұдан әрі Қосымша Веб-сайтпен бірге - «Сервис») қолданған кезде «Internet Portal Nur» (Интернет Портал Нур) («Компания» / «Біз») Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі қандай жеке деректерді жинайтынын, қандай мақсатта жинайтынын және осы жеке деректерге қатысты сіздің қандай құқықтарыңыз барын түсіндіреді.
СЕРВИСТІ ПАЙДАЛАНА ОТЫРЫП, СІЗ БҰЛ САЯСАТТЫ ОҚЫҒАНЫҢЫЗҒА, ОНЫ ТҮСІНГЕНІҢІЗГЕ ЖӘНЕ ҚАБЫЛДАЙТЫНЫҢЫЗҒА КЕЛІСІМ БЕРЕСІЗ. ЕГЕР СІЗ БҰЛ САЯСАТПЕН КЕЛІСПЕСЕҢІЗ НЕМЕСЕ ҚАНДАЙ ДА БІР СЕБЕППЕН КЕЛІСІМ БЕРЕ АЛМАСАҢЫЗ, СЕРВИСТІ ПАЙДАЛАНУДЫ ТОҚТАТУЫҢЫЗ КЕРЕК. СЕРВИСТІ ПАЙДАЛАНА ОТЫРЫП, СІЗ БІЗГЕ ЖЕКЕ ДЕРЕКТЕРІҢІЗДІ ҚҰПИЯЛЫҚ САЯСАТЫ ЖӘНЕ ҚОЛДАНЫСТАҒЫ ЗАҢНАМА БОЙЫНША ӨҢДЕУГЕ, ЖИНАУҒА ЖӘНЕ ШЕКАРА АРАСЫНА ӨТКІЗУГЕ КЕЛІСІМ БЕРЕТІНІҢІЗДІ РАСТАЙСЫЗ.
1. Жеке деректер
Біз сіздің ерікті түрде ұсынған деректеріңізді жинаймыз (мысалы, телефон нөмірі немесе электрондық пошта адресі). Біз сондай-ақ кейбір деректерді автоматты түрде жинаймыз (мысалы, сіздің IP). Сонымен қатар, біз сіз туралы деректерді үшінші тараптан алуымыз мүмкін.
1.1 Үшінші тараптан алынатын деректер
Егер сіз аккаунтты тіркеген болсаңыз, бізге өзіңіз туралы ақпарат бересіз. Мысалы, телефон нөміріңізді.
1.2 Біз үшінші тараптан жинайтын деректер
Егер сіз Facebook немесе VK көмегімен аккаунтты тіркейтін болсаңыз, біз сіздің электрондық пошта адресіңізге, телефон нөміріңізге, профильдегі фотосуретке, пайдаланушы идентификаторына, аты мен тегіне қол жеткізе аламыз.
1.3 Біз автоматты түрде жинайтын деректер:
- 1) Бізді қалай тапқаныңыз туралы деректер. Біз бізге сілтеме жасайтын қосымшалар немесе URL-адрестер туралы деректерді жинаймыз (яғни, сізге біздің сервистерге өтуге мүмкіндік берген қосымшалар немесе веб-сайттар).
- 2) Құрылғы мен орналасқан жер туралы деректер. Біз сіздің құрылғыңыздан деректерді жинаймыз. Мұндай деректердің мысалдары: тіл параметрлері, IP-мекенжайы, уақыт белдеуі, құрылғы түрі мен моделі, құрылғы баптаулары, операциялық жүйе, интернет-сервисті жеткізуші, ұялы байланыс операторы, құрылғы идентификаторы және Facebook идентификаторы.
- 3) Қолдану деректері. Біз сіздің сервиспен қалай өзара әрекеттескеніңізді жазамыз. Мысалы, біз интерфейстің белгілі бір аймақтарына басуларды / шертулерді жаза аламыз, сіздің өзара әрекеттесуіңіздегі функциялар мен контентті, Сервисті қаншалықты жиі және ұзақ пайдаланатындығыңызды тіркеп отырамыз.
- 4) Жарнама идентификаторлары. Біздің Сервисті мобильді құрылғыдан пайдаланған уақытыңызда Apple, Google жарнама идентификаторларын (IDFA, AAID) (құрылғының операциялық жүйесіне байланысты) жазамыз. Әдетте, мұндай идентификаторды құрылғының операциялық жүйесінің параметрлері арқылы қалпына келтіруге болады (бірақ бізде бұл процеске қатысты бақылау жоқ).
- 5) Транзакция туралы мәліметтер. Сервис арқылы төлем жасағанда, біздің қызметті жеткізушілерге несие картасының нөмірі сияқты төлем реквизиттерін беру қажет. Біз несиелік картаның нөмірі туралы толық ақпаратты жинамаймыз немесе сақтамаймыз, дегенмен біз транзакцияға қатысты деректерді алуымыз мүмкін, оның ішінде: операцияның күні, уақыты мен сомасы, қолданылатын төлем әдісінің түрі.
- 6) Біздің веб-сайт сервисті тиімдірек, қауіпсіз және пайдаланушыға ыңғайлы ету үшін cookie файлдарын пайдаланады. Cookie - бұл пайдаланушының браузеріне жіберілетін және пайдаланушы жабдықтарында сақталатын шағын мәтіндік файл. Пайдаланушы кірген сайттардың көпшілігі веб-сайт тәжірибесін жақсарту үшін cookie файлдарын пайдаланады. Бұл файлдар сайтқа кіру кезінде немесе одан кейін кіру кезінде пайдаланушыны «есте сақтауға» мүмкіндік береді. Cookie файлдары әр түрлі мақсаттарда қолданылады: мысалы, олар пайдаланушының іздеу параметрлерін сақтауға, Сервисте тіркелуге көмектесуге немесе жарнаманы таргеттеуге мүмкіндік береді. Веб-сайтты пайдалану туралы ақпарат cookie файлында сақталады және сіз веб-сайтқа қайта кірген кезде сол жерден алынады. Бұл бізге Веб-сайтқа одан әрі кірген кезде пайдаланушыны анықтауға және пайдаланушының нақты қажеттіліктері үшін Сервисті дербестендіруге мүмкіндік береді. Пайдаланушы өзінің браузерінің параметрлерін қолдана отырып, cookie файлдарын пайдалануды шектей немесе тыйым сала алады. Cookie файлдарының басқа түрлерінің ішінде біз сеанстық cookie файлдарын қолданамыз, олар пайдаланушы біздің сайттан шыққаннан кейін автоматты түрде жойылады. Біз пайдаланушының жабдықтарында сақтайтын cookie файлдары зиянсыз және вирустардан таза.
2. Біз жеке мәліметтерді қандай мақсаттарда қолданамыз
Біз сіздің жеке деректеріңізді өңдейміз:
2.1. Біздің Сервисті ұсыну үшін
Деректерді жинаудың арқасында Сізге Сервиске кедергілерсіз қол жеткізуге жағдай жасап, сонымен қатар Сервистегі қателер мен техникалық ақауларды болдырмауға және тез арада жоюға мүмкіндігіміз бар.
2.2. Қолдау кызметінің қызметтерін ұсыну үшін
Біз сіздің жеке деректеріңізді техникалық қолдау бойынша сұрауларыңызға, Сервис туралы ақпаратқа немесе кез келген басқа ақпаратқа жауап беру үшін өңдейміз. Сонымен қатар, біз сізге Сервис, қауіпсіздік, төлем операциялары, Пайдаланушы келісімі немесе Құпиялық саясаты туралы жаңартуларға қатысты хабарландырулар немесе электрондық хаттар жібере аламыз.
2.3. Серивсті қалай қолданатыныңызды зерттеу және талдау үшін
Бұл бізге өз бизнесімізді жақсы түсінуге, қызметімізді талдауға, қызмет пен жаңа өнімдерді сақтауға, жақсартуға, жаңартуға, жоспарлауға, жобалауға және дамытуға көмектеседі. Біз сондай-ақ мұндай деректерді белгілі бір пайдаланушыға арналған контентті оңтайландыру үшін статистикалық талдауға қолданамыз.
2.4. Сізбен маркетингтік байланысты тиімді жүргізу үшін
Біз сіздің жеке мәліметтеріңізді біздің маркетингтік науқандар үшін өңдейміз. Біз сіздің электрондық пошта мекенжайыңызды маркетингтік тізімге қосуымыз мүмкін, осылайша сіз арнайы ұсыныстар сияқты біздің өнімдерге қатысты ақпарат ала аласыз. Егер сіз бізден маркетингтік электрондық хаттарды алғыңыз келмесе, әр электрондық поштаның төменгі жағындағы нұсқауларды орындап, жазылымнан бас тарта аласыз.
2.5. Біздің жарнамаларды дербестендіру үшін
Біз және біздің серіктестеріміз, соның ішінде Facebook пен Google, сіздің жеке ақпаратыңызды жарнаманың сипаты мен уақытын бейімдеу үшін қолданамыз. Мысалы, Веб-сайтқа кіргеннен кейін, біздің басқа өнімдерге арналған жарнама сіздің Facebook лентаңызда пайда болуы мүмкін.
2.6. Сіздің төлемдеріңізді өңдеу үшін
Біз Сервистің ішінде ақылы өнімдерді және/немесе қызметтерін ұсынамыз. Ол үшін біз үшінші тараптың төлемдерді өңдеу сервистерін қолданамыз (мысалы, төлем жүйелері). Бұл өңдеу нәтижесінде сіз премиум жазылымыңыз үшін төлей аласыз және біз төлем жасалғандығы туралы хабарлама аламыз. Біз сіздің төлем картаңыздың деректемелерін сақтамаймыз немесе жинамаймыз. Бұл ақпарат үшінші тараптың төлем өңдеушілеріне тікелей беріледі.
2.7. Қолдану шарттарын орындау және алаяқтықпен күресу үшін біз жеке ақпаратты келісімдер мен келісімшарттық міндеттемелерді орындауға, алаяқтықтың алдын алып, анықтауға және онымен күресуге қолданамыз.
Мұндай өңдеу нәтижесінде біз сіздің ақпаратыңызды басқа адамдарға, оның ішінде құқық қорғау органдарына беруіміз мүмкін (атап айтсақ, егер біздің Қолдану шарттарымызға байланысты дау туындаса).
2.8. Заңды міндеттемелерді орындау үшін
Біз сіздің деректеріңізді заң талап еткен кезде өңдей аламыз, қолдана аламыз немесе жібере аламыз, әсіресе құқық қорғау органдары сіздің деректеріңізді заң аясында сұрайтын болса.
3. Жеке деректеріңізге қатысты сіздің құқықтарыңыз
Жеке деректеріңізді бақылау үшін сізде келесі құқықтар бар:
3.1 Жеке деректерге қол жеткізу / қарау / қосу / өзгерту
Сіз деректі, мақсатты, дереккөздерді, жеке деректерді жинау мен өңдеу әдістерін, жеке мәліметтердің тізімін, editor@corp.nur.kz адресі бойынша сервисті қоллдану кезінде жиналған жеке деректерді өңдеу мен сақтау мерзімдерін растауды сұрай аласыз. Егер сізде тиісті құжаттармен расталған негіздемелер болса, сіз өзіңіздің жеке деректеріңізді өзгертуді және толықтыруды сұрай аласыз.
3.2 Жеке деректемелерді жою / бұғаттау
Editor@corp.nur.kz адресіне электронды хат жіберу арқылы сіз өзіңіздің жеке деректеріңізді жоюды немесе бұғаттауды сұрай аласыз. Егер сіз өзіңіздің жеке деректеріңізді жоюды сұрасаңыз, біз сіздің өтініміңізді орындау үшін орынды күш жұмсаймыз. Кейбір жағдайларда, бізден заң бойынша белгілі бір уақыт ішінде белгілі бір деректерді сақтау талап етілуі мүмкін; бұл жағдайда біз өзіміздің міндеттемелерімізді орындағаннан кейін сіздің өтінішіңізді қанағаттандырамыз.
3.3 Сіздің жеке деректеріңізді қолдануға қарсылық немесе шектеу
Editor@corp.nur.kz электронды поштасына өтінім жіберу арқылы бізден жеке деректеріңіздің барлығын немесе бір бөлігін қолдануды тоқтатуды немесе оларды пайдалануды шектеуді сұрай аласыз.
3.4 Өз құқықтарыңыз бен заңды мүдделеріңізді қорғау құқығы
Біз сізге кез келген мәселеңізді шешуге тікелей көмектесуге дайынбыз. Өз құқықтарыңыз бен мүдделеріңізді қорғауға, сондай-ақ моральдық және материалдық зиянды өтеуге бағытталған әрекеттер жасауға құқығыңыз бар.
4. Аталмыш құпиялық саясатына өзгерістер
Біз бұл Құпиялық саясатын ара-тұра өзгерте аламыз. Егер біз осы Құпиялық саясатына елеулі өзгерістер енгізуге шешім қабылдасақ, сізге бұл туралы біздің Сервисіміз немесе біздің қалауымыз бойынша басқа да қолжетімді құралдар арқылы хабарлаймыз, және сіздің қайта қаралған Құпиялық саясатымен танысуға мүмкіндігіңіз болады. Осы өзгертулер күшіне енгеннен кейін Сервиске кіруді немесе пайдалануды жалғастыра отырып, сіз қайта қаралған құпиялық саясатын ұстануға келісесіз.
5. Деректерді сақтау
Біз Құпиялық саясатында көрсетілген мақсаттарға жету үшін сіздің жеке деректеріңізді қажет болғанша сақтаймыз. Бұл кезең Сервисте сіздің аккаунтыңыз бар болған уақытты қамтиды, бірақ онымен шектелмейді. Біз сіздің жеке деректеріңізді заңды міндеттемелерімізді орындау, дауларды шешу және келісімдерімізді орындау үшін қажетінше сақтаймыз және қолданамыз.
6. Бізбен байланысқа шығыңыз
Сіз аталмыш Құпиялық саясаты туралы толық ақпарат алу үшін бізге кез келген уақытта хабарласа аласыз. Есептік жазбаңызға немесе жеке деректеріңізге қатысты сұрақтар бойынша editor@corp.nur.kz электрондық пошта адресіне хабарласыңыз.
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.