RU

Қазақстанда танымалдығы анасынан қалыспайтын қыздар кімдер? (фото)

Отандық танымал тұлғалардың ішінде есімі анасымен қатар ел аузынан түспейтін бойжеткендер бар. Туыс жандардың бір-біріне түрлері де ұқсайды, әртістік дарыны бірінен екіншісіне дарыған, өнерге деген өресі де биік.

NUR.KZ cұлулығымен, өнерімен халықтың сүйікті әртістеріне айналған анасы мен қыздарын назарларыңызға ұсынады.

Нұржамал Үсенбаева мен Қарлығаш Мұхамеджанова

Фото: Comode.kz

Қарлығаш Мұхамеджанова - Қазақстанның халық әртісі, опера әншісі Нұржамал Үсенбаеваның және танымал сазгер Төлеген Мұхамеджановтың қызы. 2013 жылы өзі де ана атанған Қарлығаш әртіс анасының берген тәрбиесін баласының бойына сіңіре білгісі келетінін айтады.

Баян Есентаева және Айсәуле Бақытбек

Продюсер Баян Есентаеваның қызы Айсәуле Бақытбек те тыңдармандардың назарында жүрген бойжеткен. Әлеуметтік желіде қоғамдағы мәселелерге қатысты ойын жазып отыратын Айсәуле АҚШ-та білім алып, жеке интернет-дүкенін айналдырып отыр.

Есентаеваның кіші қызы Айсәуле де аспаздық қабілетімен халықтың ықыласына бөленіп, әлеуметтік желілерде кеңестерімен бөлісіп отырады.

Жанар Айжанова және Айқаракөз Айжанова

Жарқын мінезімен, ерекше дауысымен халықтың сүйікті әншісіне айналған Жанар Айжанованың қызы Айқаракөз де көрерменнің көзайымына айналып үлгерді.

"Балапан" арнасында бүлдіршіндерге ән үйретіп жүрген жас ару мерекелік кештерде әркез анасымен бірге өнер көрсетіп жүреді.

Гүлжан Қарағұсова және Данна Қарағұсова

Елімізге белгілі саясаткер, депутат, Гүлжан Қарағұсова мен экс-министрдің қызы Данна Қарағұсова да жұрт назарына ілігетін танымал тұлғалардың бірі. Данна ұзақ уақыт Лондонда білім алған, First Media Group медиахолдингін басқаратын Бейбіт Әлібековпен танысқан соң, отбасылық кәсіппен айналысуға кірісті.

Гүлжан Қарағұсова мен қызы Данна ешқашан отбасы жайлы жұрт алдында сыр тарқатқан емес. Депутат ханым тек өзінің әртүрлі ұлттан құралған отбасында дүниеге келгенін, балалары да әр ұлттың өкілі екенін айтып қалған.

Венера Нығматулина және Линда Нығматулина

Венара мен Линда Нығматулинаны алғаш көрген жандар оларды апалы-сіңлілі деп ойлап қалуы мүмкін, анасы мен қызы құрбылардай жақын сырласқанды жақсы көреді.

"Анам маған өмірдің шындығын үйретті, әйелдің бақыты - өзін нағыз әйел ретінде сезінуде. Қызметтік мансап пен отбасылық бақытты екі бөліп қарауға, біреуіне басымдық беріп, екіншісін шетке ысырып қоюға болмайды", - дейді Линда.

Линданың ойынша, әйел бақытының мәні ана болуда жатыр. Көзі ашық ана ғана баласына жақсы тәрбие алады.

Сабыркүл Асанова және Балнұр Асанова

Сабыркүл Асанова жиырма жылдан астам уақыт бойы "Сымбат" сән үйін басқарып келеді. Сәнгердің үлкен қызы Балнұр Асанова да анасы секілді сән саласының маманы. Қызының суреткерлік қабілетін жоғары бағалайтын анасы Балнұрдың сезімталдығына тәнті екенін айтады.

"Қызыма ақылымды айтып, болашағына ықпал еттім. Балнұр суретші болып қалғысы келгенде, оған модельер мамандығын оқуға кеңес бердім. Енді "Сымбат" сән үйі қызымның жауапкершілігінде", - дейді ол.

Айгүл Бабаева және Алиса Бржставицкая

Танымал әнші және соңғы кездері көпшілікке "Давай поженимся" тележобасының жүргізушісі ретінде белгілі Айгүл Бабаева қызы Алиса Бржставицкаяның да кей оқырмандарға белгілі қаламгер екенін мақтан тұтады.

Қазақстандағы аналарға арналған отбасылық Pandaland порталын басқаратын жас журналист сәбиін босанған соң, 50 келі артық салмақты қалай тастағаны туралы жазып, халыққа танылған еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1013607-otandyq-tanymal-analary-men-qyzdary-f.html