RU

Энрике Иглесиас нағашы әжесін көпшілікке таныстырды (фото)

Бүгінде әлеуметтік желілер жұлдыздардың тек өзін ғана емес, туысқандарын да жалпақ жұртқа таныстыруға мүмкіндік беретіні аян. Бұл мүмкіндікті танымал әнші Энрике Иглесиас та пайдалануды ұйғарыпты деп хабарлайды 24 арна.

Ол өзінің инстаграм парақшасына нағашы әжесі Беатрис Рейналеспен түскен суреттерін жариялады. Бір қызығы, суретке әжесі мен немересі жұлдызды отбасының мүшелеріндей емес, қарапайым түрде түскен.

Энрике Иглесиас суреттерге берген түсініктемесінде әжесімен бірге өткізген уақыттың ең жақсы кез екенін айтып, оны «ең керемет жан» деп атаған.

Жалпы Беатрис Рейналес өзінің әлемге әйгілі немересіне қарағанда, көпшілікке шығып, жұрт көзіне іліккенді жақтырмайды. Сол себепті оның суретінің инстаграм желісінде пайда болуы тек Энрикенің жанкүйерлерін емес, бүкіл жұртты елең еткізді, деп жазады espanarusa.com.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1028922-enrike-iglesias-naghashy-azhesin-kopshil.html